KZNews.kz
Жаңалықтар

"Балам шетінеп кетті, күйеуім қуып шықты": Индира Расылхан бірінші некесі туралы ашық айтты (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Әнші Индира Расылхан журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында өміріндегі ең ауыр кезеңдер туралы ашық айтып, жан сырын бөлісті. Бұл туралы turkystan.kz хабарлайды.

Өнер иесі алғашқы некесінде тұрмыстық зорлық-зомбылық көргенін, сондай-ақ бір сәбиінен айырылғанын жасырмай баяндады. Оның сөзінше, бұрынғы жұбайымен арадағы қарым-қатынасында үнсіздік пен төзімнен өзге амалы болмаған.

"Кезінде бас тартқаннан кейін мен ол кісіге қалай айта беремін? Қыздарының бар екенін мен оның есіне неге сала беруім керек? Неге мен айта беруім керек? Содан кейін мен аяғым ауыр кезде кетуге мәжбүр болдым. Себебі: ұрып-соғу. Ішіңдегі балаға зиян келмес үшін ол нәрсені істейді екенсің. Кеттім. Өзі үйден қолымнан жетектеп шығарып жіберді. Енді сен керек емессің деді. Өз әке-шешемнің үйінде босандым. Ол кезде 24 жаста едім. Бір қызым болған, ол шетінеп кетті. Мен ол кісіге қарсы сөйлеп, дауысымды көтеріп айқайлап көрген емеспін. Жылап отыра беремін. Басқа амалым жоқ болатын", – деді ол.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары