Павлодар қаласының 22 жастағы тұрғыны есірткі заттарын таратты деген күдікпен Көкшетауда ұсталды. Полиция мәліметінше, ол заңсыз әрекетін басқа қалада жалғастыруды жоспарлаған, деп хабарлайды kznews.kz.
Құқық қорғау органдарының дерегінше, ол бұған дейін де Павлодарда есірткі заттарын жасырын орындарға қалдырумен айналысуы мүмкін.
Алайда күдіктінің жоспары жүзеге аспай, полиция қызметкерлері оны Көкшетауда ұстаған. Тінту барысында ұнтақ тәрізді зат салынған 50 орама және белгісіз сұйықтық құйылған 30 құты табылған. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта 22 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Табылған заттардың құрамы мен істің өзге де мән-жайлары анықталып жатыр.