Актер Маколей Калкин әйгілі "Үйде жалғыз" фильмін балаларымен бірге жиі көретінін, бірақ олардың әкесінің дәл сол кинода басты рөлді сомдағанын әлі толық түсінбейтінін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Калкиннің сөзінше, балалары экрандағы кейіпкерді әрдайым "Кевин»" деп қана қабылдайды. Актер бұл иллюзияның әлі де сақталып тұрғанына қуанышты екенін жасырмады.
"Кевинді көргенде, олар оны әрдайым "Кевин" деп атайды. Өйткені, білесіз ғой, иллюзия әлі сақталып тұр. Тіпті, екі күн бұрын ұлым сұрақ қоя бастады. Ол барлық бауырларыммен бірге түскен отбасылық фотосуретті көргісі келді. Мен төменге түсіп, суретті алып келдім. Сол сәтте оның көзі бадырайып: "Мына бала Кевинге ұқсайды ғой", – деді. Мен: "Иә, қатты ұқсайды, солай емес пе?", – дедім. Енді ол бәрін біртіндеп түсіне бастады. Мен бұл "сиқырды" мүмкіндігінше ұзақ сақтауға тырысып жүрмін. Санта-Клаус секілді", – дейді актер.