Балалар тәрбиесі халық педагогикасы туралы курстық жұмыс
12.01.2021
02:53
0
0
Тақырыбы: Балалар тәрбиесі халық педагогикасы
Зерттеудің көкейкестігі
Тарихқа көз жүгіртсек ата бабаларымыз ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесін, бай рухани қағидасын жас ұрпақта тәрбиелеуде пайдаланған. Бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, үміт артып сергек қараған. Жас ұрпақтың алдына мақсат қойып, міндеттер жүктеген. Болашақ қамқоры, Отан қорғаушысы шаңырақ иесі, өмір гүлі деп есептеген. Халықтың өмірлік тәжірибелері, ойға түйгендері, бастан кешкендері, ұстаған қағидалары, тұжырымдары, жинаған әдет ғұрыптары, салт дәстүрлері, ақыл - ойлары, тәрбие шежіресі халық педагогикасы болып саналады. Халық педагогикасы халықтың ауыз әдебиетінде тәрбие дәстүрлерінде, шығармаларында, отбасы тәрбиесінде, ұлттық ойындарда, музыкалық шығармаларында және қолөнер туындыларында көрініс тауып ұрпаққа беріліп отырған.
Халық дүниеге келген жас нәрестенің жолына бар жақсылықты бағыштаған. Балаларға арнап көркем сөздер, өлеңдер, жұмбақ - жаңылтпаштар, әңгімелер шығарған. Халықтық тәрбиеге сөздердің берері өте мол болған. Мысалы: «аяғыңды көкке көтерме», «үйге қарай жүгірме», «қолыңды төбеңе қойма», «мал сүйегін отқа жақпа», «ақты төкпе», «қолыңмен жер таянба», «есікті керме», «пышақты жалама»... т.б. Халық тәрбиесіне сонымен қатар ұлттық салт - дәстүрлер кіреді. Оның бірнеше түрлері бар ...
Қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларына білім беру жолын, мазмұнын, формасын өзғерте отырып, оқушыларды жақсы біліммен қамтамасыз ету, халықтық салт - дәстүрлер негізінде тәрбиелеу қолға алынуда. Халық псдагогикасын сабақ барысында қолдану оқушылардың біліміне, психикалық процестері меп танымдық қасиеттерінің дамуына өте күшті әсер етеді. Халық педагогикасын қолданып сабақ өткізу, білім беру ұтымды. Арнайы сабақ, ойын сабағында болсын халық педагогикасын қолдану қажет деп ойлаймыз. Жалпы халық педагогикасының білім саласында маңызы зор.
Зерттеу мақсаты:
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін, адамгершілік нормаларын халық педагогикасы негізінде меңгертіп дамыту.
Зерттеу болжамы:
Егер мектептегі бастауыш сынып оқушыларының оқыту, тәрбиелеу үрдісіне арнайы жүйеде халықтың ұлттық дәстүрлеріне, тұрмыс салтына, әдет-ғұрпына, мәдениетіне, өнеріне лайықтап өңделген сабақтарды, ойын сабақтарды жүйелі түрде жүргізу барысында оқушылардың танымдық қасиеттерін, адамгершілік қасиеттерін дамытуға болады.
Зерттеу объектісі:
Бастауыш сынып оқушыларын халықтық педагогика негізінде өңделген сабақтармен, ұлттық ойындар арқылы оқыту, тәрбиелеу және дамыту.
Зерттеу пәні:
Оқушылардың психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін дамытуға бағытталған сабақтар.
І — тарaу.
Балалар тәрбиесі халық педагогикасы.
- I. Халық педагогикасындағы бала тәрбиесі жөініндегі негізгі бағыттар.
- Дегенде ой Тайқарбай,
- Тіл алғаш деп
- Дене шынықтыру тәрбиесі эпостық шығармаларда бірінші кезекке қойылады. Атқа міну, мергеншілік, найзагершілік, қылыш шабу шеберліктері дәріптеліп, бұл өнерлер оңайлықпен келмейтіндігі суреттеледі.
- Батырлық жырларды тыңдаушы жақсылық пен жамандықты, мейірмандық пен зұлымдықты көз алдына елестетіп, батырға тек күш-жігер ғана керек емес, ақылды, айлакерлік керектігін сезініп, ой-өрісін дамытады. Шығармадағы қызықты оқиғалар, отты сөздер, өнегелі іс-әрекеттер тыңдыушыны неғұрлым көп білуге қүштарландырады.
- Халық Отан қорғау адамгершіліктің асқар шыңы деп тұжырымдайды. Бұл үшін ерлік жасаудан артық адамгершілік болмаса керек. Сондықтан батырлардың ауыздан-ауызға мәңгі жатталған бейнелері өздерінің үлгі-өнегелік құнын еш уақытта жоймайды. Қобыланды, Ер тарғын, Қамбар бейнелері қазіргі жастарға да үлгілі.
- Батырлық жырларда халық үшін аянбай еңбек еткен, еңбексүйгіш, кішіпейіл, саналы жандар да тәрбиелік үлгі ретінде баяндалады. Мысалы: Қамбар батыр аң аулап, "алпыс үйлі арғын мен тоқсан үйлі тобырды асыраған. Халық батырларды міне осындай қасиеттері үшін бағалаған.
- Іс-шаралар балалардың жан-жақты дамуына бағытталған.
- Іс-шаралар мектем және мектептегі үмірмелермен бірлесе өтеді.
- Тәрбис жұмысына жетекшілік ететін ұстаздарға ғылыми негіздегі білім берілуде; олар білім жетілдіру курстарынан қазақ салт-дәстүрлерінен дәріс алуда.
- Оку тәрбие жұмысы халық педагогикасына сүйене өтуде.
- Бұл салада өтетін іс-шараларға балалардың өздері ізденіс жүргізіп, жерлігікті жерден салт-дәстүрлерді үлкендерден сұрап біліп, тұрмыс салтына енгізуде.
- Танымдық бағыттағы тәрбие жұмысы көбіне мектептегі тәрбие сағаттарының еншісі болып шықты.
- Мектеп пен мектеп үйірмелері бірлесе өткізетін іс-шаралар мейрам, қысқы, жазғы демалыс кезіндс өтетін ойын-сауықтар ұлттық педагогика негізіне сүйсініп, көбіне салт-дәстүрлер мен соларға негізделген әдістемелеріне сүйенген іс-шаралар екен. (Наурыз, "Көргенді елдің баласы", «Алтын сақа» т.с.с.)
- Халық педагогикасына — салт-дәстүрлерге негізделген іс-шаралардың балалар ақыл-ойын, сезімін, жігер-қайратын қалыптастырып дамытуға мүмкіндіктері мол екен.
- Танымдық іс-шараларды мектеп және мектеп үйірмесімен бірлесе өткізу.
- Танымдык іс-шараларды балалардың жан-жақты дамуына бағыттау.
- Тәрбие жұмысына жетекшілік ететін ұстаздарға танымды ғылыми негіздегі білім беру, оларға білім жетілдіру курстарында ұлттық дүниетаным жөніндн дәріс беру.
- Тәрбиелік жұмыс халық педагогикасына сүйене өткізу.
- Бұл салада өтетін іс-шараларға балалардың өздері ізденіс жүргізіп, жергілікті жерлердегі танымдық материалдарды біліп, тұрмыс салтына енгізу.
- Ал нақты бейім беріп, балалардың тәрбие ісінес тікелей араласып ойларын ұштауға, өнерге араласуға сыныптап тыс іс-шараларды толығымен бейімдеу.
- Мектептерде іс-шараларды мейрам қысқы, жазғы демалыс кезінде өтетін ойын-сауықтар ұлттық педагогика негізіне сүйсініп, көбіне салт-дәстүрмен, соларға негізделген, әдістемелерге сүйене өткізу керек. ("Наурыз", "Көргенді елдің баласы", "Алтын сақа" т.с.с.)
- Ана тілі - Аталар сөзі - ақылдың көзі № 11, 2001 ж.
- Ана тілі Болашақ ұрпақты халық педагогикасында тәрбиелеу. № 17, 2001 ж.
- Бастауыш мектеп – Салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні, №1,2002ж.
- Бастауыш мектеп – Тәрбиенің қайнар көзі халық педагогикасы № 3, 2000 ж.
- Бастауыш мектеп – Ұлттық өсиеттер мен даналық сөздер №8-9, 1999 ж.
- Болашақ – Мұхаммет Пайғамбардың тәрбие жайлы хадистері №20,2001 ж.
- Болашақ – Халық педагогикасы - тәрбие өзегі, № 6, 2000 ж.
- Болашақ – Халық педагогикасының оқыту тәрбиелеу үрдісіндегі орны.
- Мектепке дейінгі педагогика - А. Меңжанова А. 1999 ж.
- Педагогика – Р.М. Қоянбаев, Ж.Б. Қоянбаев А. 2000 ж.
- А. Құралов – Қазақы тыйымдар мен ырымдар А. 1998 ж.
- С. Қалиев – Қазақ тәлім -тәрбиесі А. 1995 ж.
- Қ. Жарықбаев – Әдеп және жантану А.1984 ж.
- Ұзақбаев С.А. – Қазақ этнопедагогикасы: тәлімдік тағылымдар.
- Қожахметова К.Ж.–Теоретико-методологические основы казахской этнопедагогики - А. «Ғылым» 1998 ж.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ