KZNEWS.KZ
Қоғам

Балабақшаға орналастырып беремін: ата-аналарды 2ГИС арқылы тапқан әйел сотталып тынды

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Астанада әйел адам баласын балабақшаға орналастыра алмай жүрген ата-аналардың ақшасын жинап алып, алаяқтық іске барған, деп хабарлайды kznews.kz

Оларға өзі хабарласып, таныстары арқылы балабақшаға орналастырып беретінін айтып сендірген. Оның сөзіне 9 адам сеніп, жалпы сомасы 590 мың теңге берген.

«Сот үкімімен оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды», – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокурорлар мұндай жағдайда барынша сақ болу керектігін, балабақшаларға орын бөлу мәселесі бойынша тек ресми порталдар мен уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы жүгіну қажеттігін ескертті.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →