KZNews.kz
Шоу-бизнес

«Бала өртеніп, ұшақ құлағанда жаназаға бармаған»: Сәкен Майғазиевтің тойына келген Бас мүфти сынға ұшырады

Айжан Сыланова
Фото: видеодан алынды

Бұл жолғы себеп — әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділеттің үйлену тойына арнайы барып, бата беруі. Бас мүфтидің бұл әрекеті қоғам белсенділері мен желі қолданушылары арасында теріс пікір туғызды.

Бас мүфтидің Алматыда өткен жұлдызды тойға қатысып, батагөй рөлін атқарғанын журналист Диас Нұрақын өткір сынға алды. Оның айтуынша, ел ішінде орын алған ауыр трагедиялар кезінде мүфтият тарапынан үнсіздік байқалса, шоу-бизнес өкілдерінің қуанышына келгенде ерекше белсенділік байқалады.

«БҚО-да бес бала өртеніп өлгенде жаназаларына бармаған, Ақтауда ұшақ апатқа ұшырағанда құран бағыштамаған, Астанада автобус апатынан шынашақтай қыз екі аяғынан айырылғанда жүрегі сыздамаған Бас мүфти бүгін Сәкен Майғазиевтің ұлының тойында бата беріп жүр. Той дегенде қу бас домалайды деген рас-ау?!» – деп жазды журналист.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →