«Ресейге бұл жерде тосын сый жасауға мүмкіндік бермейміз. Біз әлемге көрген жайттарымызды мүмкіндігінше анық етіп баяндауды ойлаймыз», – деді АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан.Одақтасымыз Ресей тарапы болса Украина маңына және Беларуссияға әскери күштерін орналастырып әлек. Путин бұрынғысынша Украинаны НАТО-ға кіргізбеуді талап етсе, Батыс бұл талаптарды орындауға үзілді-кесілді қарсы. Әйтеуір көк сары байрақтылар «екі түйе сүйкенсе арасында шыбын өледінің» күйін кешпесе болғаны. Ресей басылымдарының сөзіне құлақ түрсек, Байден соғысты желеулетіп Ресейге едәуір жақындауға мүдделі көрінеді. Қысқасы, болмаған істі болды деп, елдің үрейін ұшырмай ертеңгі күнді күтелік!
Оралбай МЕРГЕНБАЙҰЛЫ