Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Баяндама: "Бала- ата-ананың, отбасының, адамгершілік өмірінің, тәрбиелілігінің айнасы" (ата - аналар жиналысына арналған)
Автор: Сыдыкова Гульнара Орынгалиовна
Бағыты: Басқа Бөлімі: Баяндамалар, реферат Сыныбы: Барлық сыныптар
Жарияланған уақыты: 2018-12-29
Материал туралы қысқаша түсінік
Ата - аналар жиналысына арналған баяндама
Баяндаманың тақырыбы:«Бала- ата-ананың, отбасының, адамгершілік өмірінің, тәрбиелілігінің айнасы»Жанұяда қалыптасқан адамдық сезім баланың адамгерішілік тәрбиесінде ең басты алғы шарт болып есептеледі.«Адамгершілікті, мейірбандықты, қайырымдылықты тәрбиелейтін шын мектеп – жанұя, отбасы, анаға, әкеге, атаға, әжеге, аға-ініге, апа-қарындасқа қарым-қатынас адамгершілікке сын болып саналады», – деген болатын.Бірқатар ата-аналардың балалар тәрбиесінің мақсаттары жөнінде жалпы түсініктері болғанымен, бірақ балалардың дене күші мен психологиялық мүмкіндіктері жайлы қажетті түсініктер мен дағдылары, мінез-құлық әдеттері, мінез-сипаттарын т.б. қандай тәсілдермен тәрбиелеуге болатыны туралы нақты білімдері аз. Сондықтан да отбасында кейде балаларға не шектен тыс қатаң талап қойылады, не ол талап мүлдем бос болатынын, ықпал ету әдістерін тек сөз жүзінде кездестіруге болады. Отбасында балаларды адамгершілікке тәрбиелеуге толық мүмкіндік бола тұрса да ол мүмкіндіктер толық пайдаланылмайды, кейбір отбасында адамгершілікке тәрбиелеуге жете зейін қойылмайды. Көбінесе адамгершілік қасиеттер баланың өсе келе үйренетін қасиеті деп ойлаушылық та бар. Кейбір ата-аналар арасында «Өсе келе бәрін де өзі түсінеді» деген әдет бар. Соның салдарынан кейбір адамгершілік сезімдерді, мінез-құлықтың дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру үшін оңтайлы, сәтті кезеңдер пайдаланылмай босқа өтіп кетеді. Сондықтан ата-аналарды баланың жеке басын қалыптастыруға бағытталған, ықпалы тиетін білімдермен қаруландыру қажет.Ата-аналар сынып жиналыстарында, жеке әңгімеде, дәрістерді оқытуда, сыныптан тыс ұйымдастырылған кештерде, адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбие, ұлттық сана-сезім оятуда, балалардың денсаулығын жақсарту міндеттерін жүзеге асыруда, мектептің, отбасының бірлесіп жұмыс жүргізуіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Сынып жетекшісі ата-аналарды сыныптан тыс кештерге қатыстыру, барлық жұмыстарға көмектесуге кеңінен қарағаны абзал.Ата-аналардың білім дәрежелерінің артуы, олардың педагогикалық мәдениетінің өсуі, қоғамдық тәрбие беретін жүйелердің кеңейтілуі, бұл мекемелердің отбасымен тығыз байланысы жалғыз балалардың тәрбиесі сипатына әсер етті.Отбасы тәрбиесінде ең маңызды мәселенің бірі – ата-аналардың педагогикалық көзқарасының қалай қалыптасуында. Қазіргі кездегі аса бай отбасылардың пайда болуы, оларда бала тәрбиесінің дұрыс тәжірибесі қалыптасты деген сөз емес. Міне, осындай отбасылардың кейбір ата-аналары балаларының кез келген сұранысын мезетте қанағаттандыра аламын деген нәрсеніңбәрін сөзге келмей сатып әперу, үй тірлігіне қатыстырмауы баласының өзімшіл, тек қана тұтынушы, жалқау, басқаның есебінен жақсы өмір сүргісі келетін, арамтамақ болып қалыптасуына әкеліп соқтыратынын ескере де бермейді.Әрбір оқушының өзін қоршаған ортасымен тығыз қарым-қатынаста болатынын, солардың әсерімен дамитынын ескере отырып «қиын» балалардың мінезіне отбасы, мектеп және көшенің қалай әсер ететін жағдайларына жеке-жеке тоқталып көрелік.Бала тәрбиесіне отбасының жағымсыз әсер ету жақтарын сөз еткенде, оны үш топқа бөліп қарастыруға болады.
- Бірінші топ – баланы қалай тәрбиелеуді біледі және дәл солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда, өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекеттерімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді.
- Екінші топ – өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ, қалай тәрбиелеу керек екенінін білмейді. Мұндайлар ата-аналардың басым көпшілігі. Олар білмегендіктен балаларына кері әсер етуі мүмкін.
- Үшінші топ – балаларды тәрбиелеудің жолдарын білмейді, білгісі де келмейді, педагогтерге қарсы тұратын төмендегі әлеуметтік топ. Бұлар соншалықты көп болмағанымен, «қиын» балаларды беретін отбасылар.
- Отбасы өзара туысқандық қатынасы бар, әр түрлі жастағы және әр түрлі құқылы адамдардан біріккен ұжым.
- Отбасын ерлі-зайыптылық, ата-аналық, балардың ата-аналарына, ересектердің кішілерге және бір-біріне деген қарым-қатынас жасау міндеттері байланыстырып тұрады.
- Ата-аналар мен балалар бір-бірімен бір отбасын басқарумен, екіншілер сол отбасында тәрбиеленумен ерекшеленеді.
- Отбасы өмірі әр түрлі материалдық және рухани үрдістермен сипатталады.
- Отбасындағы үйшілік жұмыстарды (ата-аналар, ересектер мен кішкентай балалар үшін) әділ болу ерлі-зайыптылар қарым-қатынасын жақсартады.
- Балаларды адамгершілікке және еңбекке тәрбиелейді. Отбасындағы жұмыстар дұрыс бөлінбеген жағдайда немесе барлық үй іші жұмыстары тек әйелге ғана жүктелетін болса, ондағы еркек «патриарх» рөліне енеді де, ал балалар тек тұтынушы рөлінде ғана болады. Мұндай жағадайда ересектер ықпалы балаларды дұрыс емес бағытқа жетелейді.
- Баланың жеке басын қалыптастыру, оның қызығуы мен қабілетін дамыту отбасындағы ересектердің өмірлік тәжірибелері арқылы жүзеге асырылады.
- Үйдегі әрбір адамның жеке басына отбасы ұжымы үнемі жүйелі түрде тәрбиелік ықпал етіп отырады.
- Отбасындағы балалар үнемі ересектердің өздерін белсенді түрде, тәрбиелеп отыруына мәжбүр ететіндей әсер етеді.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.