Біліксіз ұстаз бен білімсіз оқушы: түркістандық түлектер ұлттық сынақтан қалай сүрінді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Баян Бекетова | өмірбаяны

Баян Бекетова |  өмірбаяны

Баян Бекетова 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауылында дүниеге келген. ҚазМУдің журналистика факультетін 1984 жылы бітірген. Қазақ телевизиясы мен радиосы мемлекеттік комитетінде, «Егемен Қазақстан», «Халық кеңесі» республикалық газеттерінде тілшіжурналист қызметтерін атқарған. Алматы қалалық әкімшілігі Тіл басқармасының мемлекеттік және өзге тілдерді дамыту бөлімінің бастығы болған. Қазір Алматы қаласы мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінде Мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бас маман редакторы. 

Өлеңдері «Аудитория», «Қарлығаш» атты ұжымдық жыр жинақтарына енген, «Үмітім менің» (1982), «Жалғыздық» (1984), «Сәмбітал» (2001), «Көлбастау» (2001), «Мен сені сағынғанда» (2001) жыр жинақтары жарық көрген. 

ІІ Халықаралық Түркі поэзиясы фестивалінің лауреаты. «Сорос Қазақстан» Халықаралық қорының «Қазіргі заман поэзиясы» бәйгесінің жеңімпазы. Алматы қалалық әкімдігінің Абай оқулары, қала күніне арналған қалалық ақындар мүшәйрасының, т.б. көптеген жыр мүшәйраларының жүлдегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2008).

Автор
Санжар