Жаңалықтар

Баян Мақсатқызының құдағиы онкология саласындағы 100 ең ықпалды әйелдің қатарына енді

Баян Мақсатқызының құдағиы онкология саласындағы 100 ең ықпалды әйелдің қатарына енді
kznews.kz коллажы

Белгілі дәрігер, хирург-онколог Диляра Қайдарова әлемдегі онкология саласындағы 100 ең ықпалды әйелдің қатарына енді, деп хабарлайды kznews.kz.

OncoDaily платформасы 2023 жылы АҚШ-тағы Әйелдердің теңдігі күніне орай осы бастаманы қолға алып, әр апта сайын онкологияда ерекше еңбек етіп жүрген 10 әйел маманды таныстырып отырған. Нәтижесінде 2024 жылы толық жаңартылған тізім жарияланып, оған Диляра Қайдарова да кірді.

30 жылдан астам тәжірибесі бар маман Қазақстанда қатерлі ісіктің алдын алу бағытындағы маңызды жобаларды жүзеге асырып келеді. Ол "Together Against Cancer" қоғамдық қорын құрып, онкология бойынша мамандарды, шешім қабылдаушыларды және азаматтық қоғамды бір алаңға біріктіруге үлес қосты. Қордың мақсаты – қатерлі ісікті ерте анықтау, тиімді емдеу және қолжетімділікті арттыру.

Диляра Қайдарованың еңбегі халықаралық деңгейде жоғары бағаланып жүр. Ол Thomson Reuters ұйымы ұсынатын, қатерлі ісік саласындағы ғылым мен білімге қосқан үлесі үшін берілетін "Leader of Science" марапатын да алған.

Айта кетейік, Диляра Қайдарова – продюсер Баян Мақсатқызының құдағисы.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz