Шоу-бизнес

«Баян Мақсатқызын сатып кеттім»: «Кешьюдің» экс-солисі Элизат Берік өкінішін айтты

Торғын Абушахман Торғын Абушахман
«Баян Мақсатқызын сатып кеттім»: «Кешьюдің» экс-солисі Элизат Берік өкінішін айтты
Фото: Видеодан скрин

TalkLike ютуб арнасының кезекті шығарылымына әнші Элизат Берік қонақ болды. Сұхбат барысында ол өнердегі жолы, продюсерлермен қарым-қатынасы және жеке өміріне қатысты өзекті мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Элизат Берік сахнаға қайта оралу оңай болмағанын айтты. Оның сөзінше, продюсерлік орталықпен басталған шығармашылық жолды жеке жалғастыру көптеген өнер адамдары үшін қиындық туғызады. Әнші өз тыңдарманын табу ұзақ уақыт алғанын да атап өтті.

Сонымен қатар, ол BM продакшнге қайта келуінің себептерін түсіндіріп, Баян Мақсатқызы және Бағым Мақсатқызымен жұмыс барысындағы тәжірибесіне қатысты пікір білдірді. Әнші бұл кезеңде белгілі бір келіспеушіліктер болғанын жоққа шығармай, сол уақытта қабылдаған шешімдеріне бүгінде басқаша көзқараспен қарайтынын жеткізді.

Сұхбат барысында Элизат Берік ажырасу тақырыбын да қозғады. Ол экс күйеуімен қарым-қатынасы, ажырасқаннан кейінгі өмірі және бұл шешімнің өзіне тигізген әсері туралы айтты. Қазіргі таңда әнші жүрегінің бос екенін жеткізіп, балаларының әкесімен байланыс сақталғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Элизат Берік «Кешью» тобына қатысты жеке пікірін білдірді. Оның айтуынша, ұжымда жолы болған қатысушылар да, кәсіби тұрғыда әлсіз болғанымен танымалдыққа жеткен қыздар да бар. Әнші топтағы ең мықты дауыс пен ең сәтті өнер иесі туралы да ойымен бөлісті.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz