ОСК тіркеді: "Әділет" партиясының 186 үміткері Құрылтай сайлауына қатысады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Баян Алагөзованың құдағиы Құрылтай депутаттығына кандидат атанды

Баян Алагөзованың құдағиы Құрылтай депутаттығына кандидат атанды
ашық дереккөзден

Белгілі дәрігер-онколог, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бірінші проректоры Диляра Қайдарова Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның кандидатурасын "Әділет" саяси партиясы ұсынған. Диляра Қайдарованың есімі партия бекіткен 186 үміткерден тұратын тізімге енді.

Диляра Қайдарова – медицина ғылымдарының докторы, профессор және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазіргі уақытта ол ҚазҰМУ-дың бірінші проректоры қызметін атқарады.

Бұған дейін дәрігер Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтын басқарған.

Айта кетейік, Диляра Қайдарова – продюсер Баян Алагөзованың құдағиы. Оның ұлы Әлішер Қайдаров пен Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек 2019 жылы шаңырақ көтерген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер