Белгілі продюсер Баян Алагөзова KeshYOU тобының тарихындағы көпшілік біле бермейтін жайттардың бірін бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Продюсердің айтуынша, топтың бұрынғы мүшесі Жұлдыз Өмірғали мен әнші Айқын Төлепберген арасындағы қарым-қатынас оның шығармашылық жолына әсер еткен.
Баян Алагөзова Жұлдыздың жеке өмірінде өзгеріс болғанын естіген сәтте-ақ оған топта қалу мүмкін еместігін ашық айтқанын жеткізді. Оның сөзінше, Жұлдыз бастапқыда ұжымнан кеткісі келмеген.
Сондай-ақ продюсер Айқын Төлепбергеннің өзі Жұлдызды топта қалдыруды сұрағанын еске алды. Алайда Баян Алагөзова KeshYOU жобасының өзіндік талаптары бар екенін атап өтті.
«KeshYOU – жай ғана қыздардан құралған топ емес, бұл – үлкен жоба», – деді продюсер.