Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері
12.01.2021
03:16
0
0
Тақырыбы: Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері
МАЗМҰНЫ
I Кіріспе---------------------------------------------------------------------------------------3
Дерек каз: Қазақстанның Ұлттық банкі
Айналыс мерзімі 7 жыл және өтеу күні 2007 жылғы 11 мамыр, бастапқы құны 1000 АҚШ доллары, капиталдың халықаралық нарықтарында орналастырылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары – Еурооблигациялар шығарылды.
Депозит және банк сертификаттары – жинақ ақшаны тарту үшін тек қана банктер шығаратын бағалы қағаздар. Бұл айналмалы бағалы қағаздар болып табылады, яғни олар бойынша талап құқығы басқа тұлғаларға қайтуы (шегінуі) мүмкін. Депозит және жинақ ақша сертификаттарының қазақстандық практикада қабылданған негізгі айырмашылығы депозит сертификаттарының иелері заңи тұлғалар, ал жинақ ақша сертификаттарының иелері жеке тұлғалар бола алатындығында.
Бағалы қағаздардың өзінен басқа дамыған экономикалық жүйелердің қаржы нарығында нақтылы бағалы қағаздарды, валютаны, басқа құндылықтарды сатып алуға және сатуға олардың иелерінің құқығын куәландыратын туынды қаржы құралдары (деривативтер) деп аталатындар: фьючерстік және опциондық өзара шарттар, валюталық және пайыздық своптар, жазылыс құқықтары, депозитарийлік куәліктер, биржа индекстері бойынша опциондар мен фьючерстер және бірқатар басқалары пайдаланылады. Фьючерстік операциялар – биржалардағы мерзімдік мәмілелер, олардың мәнісі қаржы және кредит құралдарын шикізат тауарларын, алтынды, валютаны мәміле жасау сәтінде тіркелетін бағамен сатып алуда және сатуда, бұл орайда операциялар белгілі бір уақыт аралығында (2-3 жылға дейін) орындалады. Своптар кезінде шұғыл жеткізілім шартымен ("спот" мәмілелесі) қайсыбір активті–қор құндылықтарын, валютаны, басқа заттарды тауарларды сатып алу (сату) жөнінде мәмілелер жасалады, бұл орайда сонымен бірге белгілі бір мерзімге кері мәміле жасалады. "Своп" операцияларының алуан түрлері бар, олар: валюталық, пайыздық, борыштық, алтынмен байланысты және басқа операциялар. Опциондарда мерзімдік биржа мәмілелеріне енгізілген шарт бойынша тараптардың біріне мәміленің бірін-бірі жоққа шығаратын жекелеген шарттардың бірін таңдау немесе оның бастапқы шарттарын өзгерту құқығы беріледі. Жазылыс құқықтары – болған акционерлерге компания акциясының жаңа шығарылымын бастапқы нарықта олар орналастырылатын бағалардан неғұрлым төмен бағалар бойынша сатып алуға құқық беретін бағалы қағаз. Депозитарийлік куәлік – бұл түрлі компаниялар акцияларының пұлындағы үлестерді иелену туралы куәлік болып табылатын туынды бағалы қағаз. Варранттар – туынды бағалы қағаздар, олар белгілі бір баға бойынша белгілі бір кезеңнің ішінде эмитенттің акцияларды сатып алуға жеңілдікті құқығын білдіреді. Варранттың кәдуілгі мезгілі 5-20 жыл.
Бағалы қағаздардың бастапқы нарығы көбінесе Мемлекеттік бағалы қағаздардың (МБҚ) шығарылымымен сипатталады. Ішкі мемлекеттік борыштың шегінде мемлекеттік бюджетті инфляциясыз қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер мен ұлттық жинақ ақша облигацияларын шығарады. 1994 жылдың бірінші жартысында Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарының шығарылымы басталды.
Алғашқы мемлекеттік бағалы қағаздар үш айлық қазынашылық міндеттемелер – МЕККАМ болды. Алғашқы алты айда олар бойынша аукциондар өткізудің мерзімдері тұрақсыз, шамамен айына 1 рет болды, жыл соңына қарай олар апта сайын жүргізіле бастады. Қазіргі кезде Қаржы министрлігінің МБҚ-ны орналастыру жөнінде аукциондар аптасына 2-3 рет өткізіледі.
1998 жылы қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша бюджет тапшылығын жабуға Үкіметке Ұлттық банк беретін кредиттер доғарылған болатын және Ұлттық банк алдындағы бүкіл үкіметтік борыш арнаулы он жылдық облигацияларға – МЕАКАМ- ға қайта ресімделді.
1999 жылы сәуірде теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамының режіміне көшуі инвесторлардың МБҚ-ға деген ынтасын төмендетті. 1999 жылы МЕККАМ-ның эмиссиясы 38,5 миллион теңгені құрады, бұл 1998 жылға қарағанда 1,8 есе төмен болды. МБҚ нарығын қолдау үшін Қаржы министрлігі қысқа мерзімді валюталық бағалы қағаздарды шығара бастады, сондай-ақ арнаулы валюталық облигацияларды – АВМЕКАМ-ды шығаруды жүзеге асырды.
МБҚ нарығының дамуы сандық өсуімен ғана емес, сонымен бірге терең сапалы өзгерістерге де ұшырады. Мемлекеттік бағалы қағаздар спектрінің кеңеюі қағаздардың жаңа түрлерімен де, сонымен бірге бағалы қағаздардың айналыс мерзімдерінің артуымен де қосарланып отырды. 1994 – 1995 жылдары тек қысқа мерзімді дисконтталған 3, 6, 12 айлық бағалы қағаздар шығарылды, 1997 жылдан бастап орта мерзімді, купондық және инфляция бойынша немесе айырбастау бағамы бойынша индекстелген бағалы қағаздар шығарылды.
Мемлекеттік бағалы қағаздардан басқа бастапқы нарықта мемлекеттік емес (корпоративтік және басқа) бағалы қағаздар айналысқа шығарылады.
Корпорациялық бағалы қағаздар нағыз пайдалы, бірақ сонымен бірге қауіпті болып табылады, оларға кәсіпорындар мен компаниялардың акциялары жатады. Корпоративтік бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы белгілі бір дәрежеде 1996 жылы жарияланған "Көгілдір фишкалар" бағдарламасымен байланысты.
Қайталама нарықтың жұмыс істеуі ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерімен және Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарымен жасалынған мәмілелер көлемінің өсуімен сипатталады. Қайталама нарықтың жандануы нақтылы уақыт режімінде өздерінің офистерінде бастапқы дилердің жұмыс мүмкіндігін қамтамасыз ететін биржадан тыс жұмыс істейтін бағдарламаны іске енгізумен байланысты болғанын атап өткен жөн.
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының даму жолдары
Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізлуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша бегілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бғалы қағаздар , мысаы мемлекеттік қысқа мерзімді вексельді шығаруда. Алайда, бағалы қағаздар нарығының дамуы жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер көп.
Экономикалық мәселерге;
а)нарықты реттейтін механизмнің жоқтығы;
ә)бағалы қағаздар анрығын дамытатын біріңғай көзқарас
жүйесінің жоқтығы;
б)заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;
в)салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;
г)бағалы қағаздар нарығының материалдық – техникаық
негізінің аздығы;
д)нарық инфрақұрылымы өсу деңгейінің төмендігі жатады.
Ал, әлеуметтік –психологиялық мәселерге қағаздарнарығында маман кадрлардың аздығымен халықтың инвестициялық белсенділігінің төмен деңгейлігі жатады . Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы қағаздар нарығының мәні, түсінбеушілігі мен инвестиция беруге психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды.
Бағалы қағаздар нарығына мамндарды бағалы қағаздар жөніндегі Ұллтық коммисияның осы іспен шұғылдануға рұқсат берген Оқу орталықтарының жұмысын Ұлттық коммисияның бір мүшесі оның басқармасы болып, мүшелері және хатшысы болып, бағалы қағаздар нарығын реттейтін Бас басқарманың мамандары кіреді. Қазіргі уақытта оқуды табысты бітіріп, мамндығы туралы бірінші санатты куәлік алған 1500-дай адам брокерлік, дилерлік іспен айналысуға құқық алды.
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі- кіші және жалпы жекеменшіктендіру механизмі арқылы қатанастарын өзгертуге жеке инвесторлар мен өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қатыстыру. соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатынасқан жоқ. Дүнежүзілік тәжірбие дәлелдегендей банктер бағалы нарығында жеке үстемдік роль атқарады. Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырды. . Сондықтан еліміздегі экономикалық өзгеріс әлеуметтік бейімделген бағалы қағаздар нарығын құруға негізделегені дұрыс. Отандық бағалы қағаздарнарығының құрылуына әрбір азаматтың қатысуына мүмкіндік берген жөн.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелегінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті.
Өркениетті мемелекеттерде экономикалық өрлеудің қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай - ақ кредит нарығы түрінде де іс - әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы (ортақ) ұғым болып табылады.
Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде өмір сүреді, оңын өзінің оған тән онда жұмысты ұйымдастыру мен ережелері бар нарығы болуы тиіс. Алайда бағалы қағаздар нарығында сатылатын тауарлар өзгеше тауар болып табылады, өйткені бағалы қағаздар – бұл тек меншік титулы, табысқа құқық беретін құжаттар, бірақ нақты емес капитал. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы тап олардың осы қасиетімен айқындалады және нарық бағалы қағаздарды бір иеленушінің басқа иеленушіге көп жағдайларда еркін және оңай беруімен сипатталады.
Қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.
Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды қайта бөлу жолымен ұдайы өндіріс үдерісіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды. Оның жұмыс істеуі әкімшіл - әміршіл экономикаға тән "сатылас" әдістің орнына "деңгейлес" қозғалыс бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс- әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару есебінен шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.
Айтылған мәселелердің барлығы мемлекетіміздің экономикалық дамуының бүгінгі кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа, тіпті ерекше бағыт,яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру міндеті пайда болғанын айқындайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының
- Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері-------------------------------11
- Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар
- акционерлік қоғам құрған кезде және акцияларды оның құрылтайшылары арасында орналастырған кезде;
- акциялар шығару жолымен акционерлік қоғамның бастапқы жарғылық капиталының мөлшерін көбейткен кезде;
- облигациялар және басқа борыштық міндеттемелер шығару жолымен мемлекет , заңи тұлғалар, жергілікті билік органдары қарыз қаражаттарын тартқан кезде жүзеге асырылады.
2004 ж | 2005ж | |||
МБҚ, барлығы, млн. теңге | 650171 | 458222 | ||
Соның ішінде ҚР Ұлттық банкінің қысқа мерзімді ноталары | Көлемі | 389605 | 161000 | |
Тиімді табыстылығы,% | 3,9 | 2,24 | ||
ҚР қаржы министір- лігінің БҚ | Барлығы, млн. теңге | 251810 | 297222 | |
МЕККАМ | Көлемі | 21185 | 34000 | |
Тиімді табыстылығы,% | 4,88 | 2,94 | ||
МОИКАМ | Көлемі | 1939 | 720 | |
Тиімді табыстылығы,% | 4,73 | 4,14 | ||
МУИКАМ | Көлемі | 215 | 215 | |
Тиімді табыстылығы,% | 4,16 | 4,16 | ||
МЕОКАМ | Көлемі | 143210 | 163987 | |
Тиімді табыстылығы,% | 6,65 | 5,58 | ||
МЕУКАМ | Көлемі | 62110 | 62110 | |
Тиімді табыстылығы,% | 6,08 | 6,08 | ||
МЕУЖКАМ | Көлемі | 22190 | 36190 | |
Тиімді табыстылығы,% | 0 | 0 | ||
МАОКО | Көлемі | 961 | ... | |
Муниципалдық БҚ, барлығы, млн. теңге | 8755 | ... |
ҚРҰБ-ның қысқа мерзімді ноталары айналыс мерзімі 7 күннен 1 жылға дейін МЕККАМ – Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер, айналыс мерзімі 3,6,9,12 ай МОИКАМ – Мемлекеттік орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндет- темелер, айналыс мерзімі 1 жылдан жоғары 5 жылға дейін қоса санағанда МУИКАМ – Мемлекеттік ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер, айналыс мерзімі 5 жылдан жоғары МЕОКАМ – Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер,айна- лыс мерзімі 1 жылдан жоғары 5 жылға дейін қоса санағанда МЕУКАМ – Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер, айна- лыс мерзімі 5 жылдан жоғары МЕУЖКАМ – Мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақ қазынашылық міндеттемелер, айналыс мерзімі 5 жылдан жоғары МАОКО – Мемлекеттік арнаулы өтемдік қазынашылық міндеттемелер, айналыс мерзімі 1, 2, 3 жыл |
- Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Респуликасы Үкіметінің актілер жинағы
- У.М.Искакова, Д.Т.Бохаев, Э.А.Рузиева. – Алматы: Экономика, 2005.
- Бағалы қағаздар нарығы туралы: Қазақстан Републикасы Заңының ресми мәтіні, - О рынке ценных бумаг: Официальный текст Закона РК. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. 192 бет.
- Балабанов А.И., Балабанов И.Т. Финансы. Учебное пособие – Петербург: 2000. 192с.
- Мамыров Н.К., Саханова А.Н. и др. Государство и бизнес. В 4-х т. – Алматы: Экономика, 2002.
- Нарық ценных бумаг и его финансовые институты: Учебное пособие / под ред.С. Торкановского. – СПб.: АО «Комплект», 421с
- Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Оқулық.-Алматы: 2005. 551 бет
- Құлпыбаев С. және басқалары. Қаржы теориясы. Оқу құралы. – Алматы: Мерей, 2001. 176 бет.
- Құлпыбаев С., Баязитова А. Қаржы теориясы. Оқу құралы.-Алматы
- Берлин С.И. теория финансов. Учебное пособие. – М.: Приор, 2000. 256 с.
- Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы. Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 1999. 234 бет.
- Русско-казахский экономичский словарь предпринемителя.
- Финансовые рынки и посредники: Учебное пособие/ под ред.
- Финансы. Учебное пособие (под ред. Проф. А.М. Ковалевой) 4-изд.- М.: 2000. 437с.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ