Атырау облысында жоғалған бауырлардың мәйіті табылды: күдікті – Сұлтан Сарсемалиев
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

БАӘ-ден қазақстандықтарды елге қайтару үшін репатриациялық рейстер ұйымдастырылады

БАӘ-ден қазақстандықтарды елге қайтару үшін репатриациялық рейстер ұйымдастырылады

Air Astana компаниялар тобы 10 наурыз күні Біріккен Араб Әмірліктерінен жолаушыларды елге қайтару үшін арнайы репатриациялық рейстер орындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Air Astana.

Компания мәліметінше, бұл рейстер 28 ақпан мен 10 наурыз аралығында тоқтатылған Air Astana және FlyArystan әуе рейстерінің жолаушыларына арналған.

Ұшулар Оман астанасы Маскат қаласы арқылы жүзеге асырылады. Жоспарланған рейстер кестесі төмендегідей:

– KC2264 Маскат – Алматы: 12:30 – 17:40

– KC2258 Маскат – Алматы: 14:30 – 19:40

– KC2254 Маскат – Алматы: 16:30 – 21:40

Уақыт жергілікті уақытпен көрсетілген.

Компанияның хабарлауынша, жолаушыларға Дубай – Маскат бағыты бойынша тегін трансфер ұйымдастырылады.

Air Astana компаниялар тобы аталған шара арқылы уақытша тоқтатылған рейстердің жолаушыларын Қазақстанға жеткізуді қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.