ШҚО-да түрмеден қашқан сотталушы 5 сағаттан соң қайта ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

БАӘ-де көз жұмған Ақжан мен Жұлдыздың денесі Қазақстанға жеткізілді

БАӘ-де көз жұмған Ақжан мен Жұлдыздың денесі Қазақстанға жеткізілді

Біріккен Араб Әмірліктерінде қайтыс болған қазақстандық апалы-сіңлілі Ақжан және Жұлдыз Бохановалардың денесі елге жеткізілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, 28 тамызда Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы марқұмдардың денесін Қазақстанға жеткізу жұмыстарын ұйымдастырған.

«28 тамызда ҚР Дубайдағы Бас консулдығы қаза болған қазақстандық азаматшалар Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханованың денесін елімізге жеткізуді ұйымдастырды», – деп жазды ол.

Қазір апалы-сіңлілінің қаза болуына қатысты БАӘ құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

Қазақстандық дипломаттар Әмірліктердің прокуратурасымен және өзге де құзырлы органдармен байланыста болып, тергеу барысын назарда ұстап отыр. Сонымен қатар марқұмдардың отбасына қажетті консулдық көмек көрсетілуде.

Сыртқы істер министрлігі Ақжан мен Жұлдыз Бохановалардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер