| Сабақ тақырыбы | Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» әңгімесіндегі кейіпкерлер әлемі |
| Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 8.Т/Ж3 - көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу |
| Сабақтыңмақсаттары | Оқушылардың барлығы орындай алады: көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктейді.Оқушылардың көпшілігі орындай алады: көркем шығармадағы кейіпкерлердің әрекетін жіктейді.Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкерге қатысты өз пікірін білдіреді, кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктейді. |
| Тілдікмақсат | Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: кейіпкерлер әлемі, тура және жанама мінездеуДиалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: типтік бейне, жиынтық бейне, мінезі, көзқарасы, жағымды әрекеті т.б. |
| ҚұндылықтардыИгерту | Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық, ұлтжандылық тәрбие. |
| Пәнаралық байланыс | Тарих, қазақ тілі, география |
| Бағалау критерийі | Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттайды.Өз көзқарасын білдіреді. |
| Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану, жоғары деңгей дағдылары |
| Алдыңғы білім | Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтай алады. |
Сабақ барысы |
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Уақыты | Сабақтағы жоспарланған жаттығу | Ресурс |
| Сабақтың басы | | 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу2.Психологиялық ахуал: «Ақ тілек» «Конверттегі сұрақ»Бауыржан туылғанда берген көпшіліктің, атасының батасы қабыл болды ма? Ойларыңмен бөлісіңдер.«Даланың дарқан балабақшасы» дегенді қалай түсінесіңдер? «Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек» дегенді қалай түсінесіңдер? | |
| Сабақтың ортасы | | 1-тапсырма. Жеке жұмысӘңгімеден негізгі кейіпкерді сипаттайтын тұстарын тауып, портретін жинақтаңыз. Кейіпкердің әңгімедегі ең маңызды әрекеттерін анықтаңыз. Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкерге қатысты қорытынды жасаңыз. Дескриптор:- кейіпкердің портреттік бейнелерін тауып жазады.- кейіпкердің ең маңызды үш әрекетін анықтайды.- анықталған ақпараттар негізінде кейіпкер туралы ой қорытындысын екі сөйлеммен жеткізеді.2-тапсырма Кейіпкер портретіОқушылар кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді. ҚБ: «Бағдаршам» әдісі3-тапсырма «Т» кестесіӘрекеттерінің пайдалы тұстары Ұрымтал тұстары ҚБ: Шапалақ | https://bilimlandkz/kk#lesson=8077 |
| Сабақтың соңы | | Хабарлама «Facebook»Оқушылар бүгін не үйренгені туралы хабарлама (SMS) жазады: стикерге жазып, тақтаға әкеліп іледі. | |