«Отбасымыздың құпиясы»: судья Ерболат Жанабыловтың сотынан журналистерді шығарып жіберді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы халықаралық әуежайында тұрғындар мен спорт жанашырлары Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарындағы жарысын аяқтаған Қазақстан ұлттық құрамасының спортшыларын қарсы алды.

Ұлттық құрамамен бірге Алматыға Азия ойындарының алматылық жүлдегерлері де оралды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ауыр атлетикадан 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аянат Жұмағали және спорттық жүрістен жартылай марафонда Кристина Морозова күміс медаль жеңіп алды. Ал кураштан 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әділет Ахметғали қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ, Алматыға спорттық жүрістен марафонда Қазақстан ұлт

тық құрамасының сапында өнер көрсеткен алматылық спортшы Ясмина Тоқсанбаева оралды. Олармен бірге Қазақстанның жеңіл атлетикадан ұлттық құрамасының өкілдері, соның ішінде Азия ойындарының күміс жүлдегерлері Кристина Овчинникова мен Нора Джеруто Тануи да келді.

Азия ойындарының қатысушылары мен жүлдегерлерін қарсы алуға Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы, спорт қауымдастығының өкілдері, жаттықтырушылар, спортшылардың туған-туыстары мен жақындары, сондай-ақ көптеген жанкүйер жиналды. Көпшілік спортшыларды ыстық ықыласпен қарсы алып, жүлдегерлерді жеңіп алған медальдарымен құттықтады.

Айта кетейік, Жапонияда XX жазғы Азия ойындары әлі жалғасып жатыр.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.