Үндістанда өз мәресіне жеткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық ауыр атлет Сұлтан Мейрам төртінші орынды иеленді, деп хабарлайды kznews.kz.
Жарыс барысында Сұлтан Мейрам жұлқа көтеру жаттығуында өзіне берілген барлық үш мүмкіндікті де сәтті пайдаланып, 171 келіні бағындырды. Бұл көрсеткішпен ол төртінші орынға жайғасты. Екінші жаттығу — серпе көтеруде отандасымыз алғашқы талпыныста 203 келіні, ал соңғы мүмкіндігінде 211 келіні көтере алмай, сәтсіздікке ұшырады. Дегенмен екінші талпынысында 204 келіні еңсеріп, серпе көтеруде бесінші, ал қос сайыстың қорытындысында 375 келімен (171+204) жалпы есепте төртінші орыннан көрінді. Қазақстандық спортшыға қола медаль иелену үшін небәрі 6 келі жетпей қалды.
Бұл салмақта үшінші орынды Қытай Тайбэйінен келген Бин-Чен Дон (381 келі) еншілесе, күміс жүлде түркменстандық Давранбек Хасанбаевқа (392 келі) бұйырды. Ал Азия чемпионатының алтынын қытайлық Хуанхуа Лю (420 келі) жеңіп алды. Осы жеңістің арқасында Қытай құрамасы медальдар кестесінде Солтүстік Кореяны басып озды.
Гандинагар қаласында өткен Азия чемпионаты-2026 бәсекесінде Қазақстан намысын тек төрт атлет қана қорғады. Біздің құраманың қоржынына жалғыз медальды Александр Уваров салды.