«Судья болуды армандады»: Көкшетауда сот қызметкері жұмбақ жағдайда қайтыс болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Ажырасып кеткен бе?”: Аша Матайдың күйеуі шетелде бейтаныс бойжеткенмен көзге түсті

“Ажырасып кеткен бе?”: Аша Матайдың күйеуі шетелде бейтаныс бойжеткенмен көзге түсті
Фото: sn.kz

Сахнадан соңғы уақытта сирек көрінетін Арман Қоңырдың әлеуметтік желідегі жазбасы оқырмандардың назарын аударды. Желі қолданушылары оның модель Айдана Рахымбаевамен бір жерде болғанын байқап, жұптың қарым-қатынасына қатысты түрлі болжам жасады.

Соңғы уақытта сахнадан сирек көрінетін әнші Арман Қоңырдың әлеуметтік желідегі соңғы жарияланымдары көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Желі қолданушылары оның модель Айдана Рахымбаевамен бір локацияда болғанын байқап, олардың арасында қандай да бір байланыс бар-жоғын талқылай бастады, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желідегі жазбаларға назар аударған оқырмандар Арман Қоңыр мен Айдана Рахымбаеваның әртүрлі уақытта бір жерден сурет жариялағанын байқаған. Осы ұқсастық олардың бірге болғаны туралы болжамдардың тарауына себеп болды.

Пікір білдірушілердің арасында бұл жай ғана кездейсоқ сәйкестік болуы мүмкін дегендер де бар. Ал енді бір желі қолданушылары әншінің жеке өміріне қатысты түрлі нұсқаларды алға тартқан.

«Арман шетелде басқа қызбен жүр ғой. Аша екеуі ажырасып кеткен бе?», «Ашаның өзін дәлелдегісі келіп, Құрылтайға бару себебі осы екен ғой» деген пікірлер жазылған.

Сонымен қатар оқырмандар Арман Қоңыр мен Аша есімімен танымал жұптың соңғы уақытта бірге түскен суреттерін бұрынғыдай жиі жарияламайтынына назар аударған. Әлеуметтік желідегі парақшаларында ерлі-зайыптылар көбіне балаларына қатысты сәттермен бөлісіп жүр.

Дегенмен желідегі болжамдарға қарамастан, Арман Қоңыр мен Айдана Рахымбаеваның арасында қарым-қатынас бары туралы ресми ақпарат жоқ. Өнер иелері де бұл мәселеге қатысты көпшілік алдында түсініктеме берген емес.

Сондықтан желіде тарап жатқан пікірлер әзірге әлеуметтік желі қолданушыларының жеке болжамы ғана болып отыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.