ка

Әзербайжанда тұрғын үй жарылып кетті: екі отбасы үйінді астында

20.11.2018 15:03
0
1

Төтенше оқиға Әзербайжанның батысындағы Гянджа қаласында болған. Газдың шығып кетуінен жарылыс болып, төрт қабатты тұрғын үй қирап қалды

Салдарынан төрт пәтер бұзылған, олардың екеуінде отбасы тұрып жатқан болатын, деп хабарлайды Sputnik Әзербайжан.

Жойқын жарылыс таңғы сағат алтыда орын алды, ол кезде үйде адамдар болыпты. Құтқарушылар үйінді арасынан қаза тапқан бір адамның денесін алып шықты. Тағы 21 жастағы жігіт құтқарылған, ол ауыр халде жатыр.

Басылым хабарлағандай, үйінді астында екі отбасы қалған.

Ғибадатханада дұға оқып жатқан кезде жарылыс болды — видео

Оқиға орнына арнайы техника жіберіліп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. 

Оқиғаны тергеумен арнайы комиссия айналысады.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий