KZNEWS.KZ
Саясат

Азат Перуашев "Ақ жолдан" кетті...

Фото: ашық дереккөздерден

Астана қаласында өтіп жатқан партия съезінде Азат Перуашев "Ақ жол" партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді.

Ол төрағалыққа қазіргі орынбасары, Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынды.

Съезд делегаттары жаңа төрағаны дауыс беру арқылы анықтайды.

Еске салсақ, Азат Перуашев 2011 жылдан бері "Ақ жол" партиясын басқарған келген болатын.

Қалмаханбет Мұқаметқали
Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
Автордың басқа материалдары →