KZNews.kz
Шоу-бизнес

Айжұлдыз Адайбекова екінші сәбиін дүниеге әкелді

Айжан Сыланова

Желі жұлдызы бұл қуанышты жаңалығын Instagram-парақшасында бөлісіп, перзентханада түсірілген суретін жариялады.

“Біз сені күттік, Бөбегім. Мен тірімін. Бізде бәрі жақсы. Қасымнан табылған жан жарыма рақмет”, – деп жазды блогер.

Айжұлдыздың жазбасына көптеген жанкүйерлері мен танымал тұлғалар жылы лебіздерін білдіріп, ана мен сәбиге саулық тіледі.

Белгілі болғандай, биыл ғана шаңырақ көтерген Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров көп ұзамай алғашқы сәбилерін күтіп жүргендерін хабарлаған еді. Олар әлеуметтік желіде “Сені күтеміз, балақай. +1 Қағаров” деген жазбамен жүктілік жаңалығын бөліскен болатын.

Еске салайық, Айжұлдыз Адайбекова бұрын танымал мобилограф Қыран Талапбекке тұрмысқа шыққан. Ол некеден бір ұл өсіріп отыр.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →