Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Автобусты Қытайдан әкеліп, "Қазақстанда жасалған" деп алдайды" — видео

"Автобусты Қытайдан әкеліп, "Қазақстанда жасалған" деп алдайды" — видео

Әлеуметтік желі қолданушылары лық толы автобустың видеосын жариялап, оның шын мәнінде Қытайдан әкелінгенін айтып жатыр, деп хабарлайды kaztag.kz сайты.

«Міне Қытай автобусы. Автобус Қытайдікі, бірақ «Қазақстанда жасалған» дейді. Қазақстанда ешнәрсе жасалмаған — дөңгелектері жүк көлігінде жатыр, автобусты Қытайдан шығарып алып, Семейге әкеліп «жинап», кейін «Қазақстанда жасалған» дейді.

Қазақстанда қандай автобустар шығарады? Велосипед шығара алмайды. Міне, қараңыздар, «Қазақстанда жасалған» деп Қытайдан шығарып алады. Қазақстанда екі дөңгелек салады, болды», — дейді видео авторы.  

ҚазТАГ ХАА редакциясы осы мәселе бойынша түсініктеме алу үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Қытайда өндірілген автобустар Қазақстанға келгеннен кейін тек дөңгелектермен жабдықталып, әрі қарай "Қазақстанда шығарылған" деген атпен сатылатындығы туралы ақпаратты растау немесе жоққа шығару үшін жүгінді.

Министрлік өз кезегінде аталған бейнебаянға қатысты түсініктеме беруге уәде етті.

Автор
Данияр