Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Автобус бір үйір жылқыны басып кетті

Автобус бір үйір жылқыны басып кетті

Башқұртстанда жолаушылар автобусы бір үйір жылқыны басып кетті.

Бұл туралы өңірлік ІІМ ресми сайты мәлім етті. Оқыс оқиға 25 қараша күні Мелеуз - Сыртланово күре жолында болған. Автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, кенет жолға жүгіріп шыққан жануарлардың бірнешеуін басып кетті.

Апат салдарынан төрт жылқы өлген. Жол апаты болған кезде, автобуста жолаушылар болмаған, жүргізуші зардап шекпеген. 

Еске салайық, осыған дейін Орал-Ақсай жолы бойында «Фольксваген Шаран» автокөлігі жылқыларды соғып кеткен болатын. Оқыс оқиға салдарынан алты жылқы жараланып, тағы бірнеше жылқы өлген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Автор
Бауыржан