Freedom Finance-тың бұрынғы топ-менеджері ҚазТАГ-тан жеңіліп қалды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ауызсу тарифін белгілеудің жаңа ережесі: нормадан асып кетсе, қымбаттайды

Ауызсу тарифін белгілеудің жаңа ережесі: нормадан асып кетсе, қымбаттайды
GOV.KZ

Енді өңірлік мәслихаттар ауызсудың бір текше метріне төленетін төлем мөлшерін өздері реттей алады. Бұл норма Қазақстанның Су кодексіне сәйкес енгізілді.

Жаңа ережелерге сай, жергілікті атқарушы органдар тұрғындар үшін ауызсу тарифін өз бетінше бекіте алады. Төлем мөлшері өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен қолданыстағы сумен жабдықтау тарифтеріне байланысты айқындалады.

Бұл туралы Индустрия және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков айтты.

– Қазір жергілікті атқарушы органдар халыққа арналған судың құнын анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Тарифтер республикалық орташа деңгей шегінде бекітіледі. Егер бір адамға тәулігіне белгіленген 140 литр нормадан артық су жұмсалса, артық көлем үшін төлем 30 пайызға жоғары ставкамен есептеледі, – деді ол.

Жаңа ереже суды ұқыпты пайдалануға ынталандыру және өңірлік теңгерімді сақтау мақсатында енгізілді.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.