Атырау облысындағы ерлі-зайыптының өлімі: күдікті жұбайымен бірге Индонезияда ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Ауыр дерттен көз жұмды": Елге танымал фильмнің актрисасы 74 жасында өмірден озды (ФОТО, ВИДЕО)

"Ауыр дерттен көз жұмды": Елге танымал фильмнің актрисасы 74 жасында өмірден озды (ФОТО, ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Кеңес киносының классикасына айналған «А зори здесь тихие» фильмінде ойнаған актриса Ирина Шевчук дүниеден өтті. Бұл туралы ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады, деп жазады kznews.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, актриса ми лимфомасынан қайтыс болған. Ол соңғы үш жыл бойы онкологиялық дертпен күресіп келген. Ирина Шевчук 74 жасқа қараған шағында көз жұмды.

Өнер иесі – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі. Ол шығармашылық ғұмырында «А зори здесь тихие», «Белый Бим Чёрное ухо», «Медный ангел» және басқа да бірқатар танымал киноларда рөл сомдаған.

1972 жылы режиссер Станислав Ростоцкий түсірген «А зори здесь тихие» фильмі – соғыс тақырыбындағы ең әсерлі кеңестік туындылардың бірі. Картина Борис Васильевтің осы аттас повесінің желісі бойынша экрандалған.

Фильм оқиғасы 1942 жылы Карелия аумағында өрбиді. Старшина Васков бес жас зенитші қыздан құралған бөлімшеге жетекшілік етеді. Орманда олар екі неміс диверсантын байқайды, алайда кейін қарсы тараптың саны әлдеқайда көп – он алты адам екені анықталады. Осылайша ну орман мен батпақты алқапта теңсіз шайқас басталады. Фильм соғыстың қасіретін нәзік жандылардың тағдыры арқылы көрсетеді.

Ирина Шевчук бұл туындыда кіші сержант Рита Осянина бейнесін сомдады. Оның кейіпкері жасырын түрде ауылға барып, кішкентай ұлы мен анасын көріп тұрады. Дәл осы Рита неміс диверсанттарын алғаш болып байқап, оқиғаның өрбуіне себеп болады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер