Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ауыр атлет Майя Манеза істі болды

Ауыр атлет Майя Манеза істі болды

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Алматы қаласының сотында ауыр атлет кінәсін толығымен мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді

АЛМАТЫ, 13 қыркүйек - Sputnik. Зілтемірші Майя Манеза жол апатына кінәлі деп танылып, айыппұл төлеуге міндеттелді.

Биыл тамыз айында ауыр атлет Volkswagen көлігін айдап келе жатып, бұрыла бергенде, Toyota Camry көлігіне соғылған. Оқиға Қарасай батыр және Жароков көшелерінің қиылысында болды. Жол апаты салдарынан екі көлікке де зақым келіпті.

"Сотта Манеза кінәсін толығымен мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді. Құқықбұзушының айыбы әкімшілік хаттама, жол полициясы инспекторының рапорты, апаттың схемасы, тараптардың жауабы, сондай-ақ істің басқа материалдары арқылы дәлелденген", - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сот Майя Манезаны жол апатына кінәлі деп танып, 50 500 теңге көлемінде айыппұл салды.

Майя Манеза – ауыр атлетикадан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2009 және 2010 жылғы әлем чемпионы.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан