Астана қаласында өткен "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс съезінде партия басшылығы ауысты.
Съезд барысында партия төрағасы Серік Егізбаев қызметінен кетті. Экс-төраға өз шешімін саяси ұйымның алдағы сайлау науқанына дайындығына қатысты қажеттілік деп түсіндірген.
Серік Егізбаев партия төрағалығына өзінің орынбасары, аграрлық сала мен мемлекеттік қызметте 40 жылдан астам тәжірибесі бар Қайрат Айтуғанов кандидатурасын ұсынды.
Съезд делегаттары Қайрат Айтуғановты партияның жаңа төрағасы етіп бірауыздан сайлады.
Сонымен қатар, жиында партияның Жарғысына жаңа Конституция талаптарына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданды.
Осылайша соңғы уақытта саяси ұйымдардағы кадрлық өзгерістер жалғасып, "Ауыл" партиясы да жаңа басшылықпен алдағы саяси науқандарға дайындықты бастады.