Жоспар
Кіріспе 1.1 Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы. 1.2. Қазақстан өнеркәсіп кешені, оны реформалау. 1.3. Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары. 1.4. Аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейту. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе Азық-түлік проблемасы адамзат тарихында әлімсақтан келе жатыр. Адам баласы ғасырлар бойы өмір сүре отырып, азық-түлік молшылығын жасау жолдарын нәтижелі шешуді армандап келеді. Ғылым мен техника дамуымен таң қаларлық әр түрлі жобалар пайда бола бастады. Олардың көбісі бір жаңалықпен немесе өнер тапқыштықпен бүкіл адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етуді мақсат етіп қойды. Жер шаруашылығы мен мал шаруашылығын, сонымен қоса олардың жетекші салаларын, агроөнеркәсіп өндірісі саласындағы жалпы ғылыми техникалық өркениетті дамыту әлі ұзақ жылдарға, жүз жылдықтарға жалғаса береді. Адамзаттың азық-түлік проблемасын табысты шешу тек осы жолмен ғана айқындалмақ. Дүние жүзінің жетекші елдері ауыл шаруашылығы көлемінің 55 проценттен астамын, оның ішінде АҚШ 20,5 процентін, Еуропа экономикалық қауымдастығы елдері 18,5 процентке жуығын және Жапония 4 процетке жуығын өндіреді. Осы елдерде үкіметтік және үкіметаралық деңгейде бағаны ауыздықтау және агробизнесті дамыту мақсатында азық-түлік тауарларын өндіруді шектеу және оларды квоталау жөнінде заң актілері мен келісімдер қабылданды. Айта кететін тағы бір жайт, дамыған елдермен салыстырғанда дамушы елдерде ауыл шаруашылығы өндірісінің бір қызметкеріне 16 есеге жуық аз өнім өндіріледі. Бұған қоса, жетекші капиталистік елдерде, ең алдымен АҚШ-та экспорттық астық қорынан бірте-бірте көз сүзу алаңдатады. Мұның өзі қызықты монографиясында венгр экономисі Пал Шаркань атап өткендей, азық-түліктің ядролық бомба мен зымыраннан да қорқынышты қаруға айналатындығына жол ашатындай. Қазіргі уақытта жер шарында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін бар-жоғы бір миллиардқа жуық гектар жер аумағы пайдаланылады. Ал, ауыл шаруашылығы қажеттілігіне жарамды жердің жалпы әлемдік қоры 10,5 миллиардқа жуық гектарды құрайды. Өз кезінде К. А. Тимирязев айтып кеткендей, егер планета бойынша адамдардың саны мұхит кеңістігіне ағаш салып өмір сүретіндей жағдайға жетсе де, біздің жеріміз соның барлық адамдарын қоректендіруге қауқары жетеді. Бұл үшін тиісті әлеуметтік-эканомикалық және саяси жағдай керек. Жаппай қарулануды тоқтату, көптеген елдердің экономикалық және техникалық артта қалуын жою, аграрлық экономиканы реформалау және басқа жаңғыруларды жүргізу мәселені шешуде ерекше рөл атқарады. Азық-түлік жағдайын түпкілікті жақсартпай, нарықтық тегерішті игеру жөніндегі жұмыстарды бір арнаға түсіру тіпті мүмкін емес. Егер өмір барған сайын қиындай берсе, ал халық қарны тойып тамақ ішпей, қайыршылығын қоймаса, ең тартымды және көңілге қуаныш ұялатады деген бағдарламаның өзі қолдау таппай құрдымға кетеді. 1.1 Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту әлеуметтік абыржуды тоқтатуға немесе барынша байыпты арнаға түсіруге мүмкіндік беріп, этностық проблемаларды шешуде толқуларды басып, мұнай, газ және басқа орны толмас табиғи ресурстарды сыртқа шығаруды қысқартып, инфляцияны ауыздықтап, қаржылық және ақша жүйелерін сауықтырады. Агроөнеркәсіптік өндірісі дамыған елдердегі эволюция меншікке құқық пен жерді шаруашылық жүргізу құқығын бір- бірінен бөліп тастау болмайтын іс екенін дәлелдеп берді. Міне, дәл осындай себептен аграрлық өндірістің кеңшар-ұжымшар моделі көпшіліктен қолдау таппай, бұрынғы Кеңес Одағының елдерінде дами алмады. Өткен жылдар ішінде біздер соншалықты ұмтылған қоғамдастырудың деңгейін арттыру жұмысшының меншіктен аластатылу масштабын одан сайын арттыра түсті. Өндірістің көлемін қалай дегенде де көбейтуге тырысушылық аграрлық өндірістің ішкі табиғатына қарама-қарсы қайшылықта болатынын кеш ұқтық. Бір қарағанда қарапайым көрінетін ауыл шаруашылығы өндірісі- өте нәзік, жеңіл үзілетін және көп аялауды қажет ететін жүйе, ол қатаң қалыпқа салғанды көтермейді. Ауыл шаруашылығы өндірісі басшылықтың білікті болғанына, жұмысшылардың белсенді күш-жігеріне қарамастан көптеген факторлардың әсерінен азапқа түскен адамдай ауыр халды басынан кешіреді. Мысалы, әзірге адамның бақылауына аз көрінетін табиғи фактор, оның ішінде ауа райының жағдайын алайық. Қуаңшылық, бұршақ жауу және басқа қолайсыз құбылыстар жұмысшылардың барлық ұмтылысына айтарлықтай зиян әкеледі немесе тіпті жоққа шығарып тынады. Аграрлық өндірістің тағы бір ерекшелігі дұрыс пайдаланған жағдайда тозбайтын, қайта керісінше құнарлана түсетін, өндірістің айырбастауға келмейтін ең басты мәңгілік қоры--жердің алабөтен орны болып табылады. Жердің құнарлығындағы айырмашылық еңбек пен капиталды бірдей жұмсағанның өзінде де өндіріс пен табыстың көлеміндегі айырмашылықты туғызады. Осыдан барып жер рентасы және табысты реттеу, сондай-ақ жақсы ауыл шаруашылық жерлерінің шектелу проблемалары туады. Табиғи биологиялық фактор өндірістің тиімділігін анықтауда, технологияны таңдауда ең басты факторы болып саналады. Мал мен өсімдіктер дамуының табиғи заңдылықтарын сақтамау басқа өндірістік экономикалық ресурстардың тиімділігінің төменділігіне әкеліп соқтыратын болғандықтан техника, еңбек ұйымдастыру жүйесі аталмыш факторға қарай ыңғайланады. Осы жерден келіп, әміршіл-әкімшіл экономика кезеңінде өсімі төмен мал өсіру мен нашар жем-шөп базасы жағдайында ірі мал шаруашылығы кешендеріне, қарапайым агротехникалық талаптарды сақтамаған жағдайда жерді мелиорациялауға жұмсалған орасан шығын ауыл шаруашылығының өнімдері мен шикіізатын жоғалтуға алып келді. Ең жетілдірілген техника, озық технология және өндірісті білікті ұйымдастырудың өзі де өнім өндіруді белгілі бір "биіктіктен" асыруға мүмкіндік бермейтін мал мен өсімдіктің табиғи-генетикалық потенциялы сияқты ауыл шаруашылығының осындай биологиялық факторын жеңе алмайды. Ауыл шаруашылығының маусымдық қасиеті оның табиғи ерекшеліктері болып табылады. Мұның өзі өндіріс кезеңі мен жұмыс кезеңінің тура келмеуін тудырып, жыл бойы жұмысшы күші мен материалдық-техникалық ресурстардың тепе-тең пайдалануына қолбайлау жасап, табыстың түсуін де ала-құла қылады. Салыстырмалы түрде аз ғана уақыт жұмыс істейтін техниканы пайдаланудың қажеттілігі, сондай-ақ өндірістің қуат көздерін көп керек ететіндігі тұрақты капиталдың жоғары үлесін қажет етеді. Өндіріс жалға алған жерде жүргізілетін жағдайда тұрақты шығынның деңгейі сонымен бірге жалға төленетін ақы есебінен де өсіп отырады. Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салалармен тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық-әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі туады. Агробизнестің салалары да төрт негізгі сфераға бөлінеді. Агробизнес кешені| 1сфера. Ресурстар техника, жем, тұқым, тыңайтқыш, улы химикаттар, несиелік ресурстар |
| 4 сфера. Агросервис: |
| мемлекеттік, |
| кооперативтік, |
| жеке |
|
| Ауыл шауашылығы өндірісі |
|
| Жылдары | Егіс алқабы млн. га | Топы- рақты өңдеу млн. га | Өнімділік ц/ га | Өнімділік өсуі ц/га | Жалпы өнім млн. т | Жалпы өнімнің өсуі млн. т |
| 1946-1955 1956-1965 1966-1975 1976-1985 1986-1990 1991-2005 | 7,0 24,6 23,8 25,3 24,1 28,2 | - 6,9 15,3 22,0 22,0 23,5 | 5,6 7,0 8,9 9,6 10,0 11,6 | - 1,4 1,9 0,7 0,6 0,4 | 3,9 17,2 21,2 24,3 24,1 25,0 | - 13,3 4,0 3,1 0,2 0,9 |
| Нұсқалар | Дәнді дақыл алқабы мың га | Өнім ділік ц/га | Жалпы өнім млн. т | Шығындар, млн. т | ||||
| тұ қым | азық түлік | нақ ты ақы | жем сақ қо- ры | экс- порт | ||||
| Бастапқы нұсқа Алқап өнімділігі: 1. 5 ц/га кем 2. 6 ц/га кем 3. 7 ц/га кем Облыстар бойынша Алқап өнім- ділігі 6және 7 ц/га-дан төмен болғанда | 22,7 18,3 16,3 13,1 17,0 | 9,2 14,2 14,9 16,2 14,4 | 20,9 26,0 24,2 21,2 24,5 | 3,0 2,8 2,4 2,0 2,6 | 3,0 3,4 3,4 3,4 3,4 | 1,0 1,1 1,2 1,3 1,3 | 6,0 2,0 7,5 2,1 7,5 2,0 7,5 2,1 7,5 2,1 | 5,9 9,1 7,7 4,9 7,6 |
- Назарбаев Н.Ә. "Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының және дамуының стратегиясы". Алматы: "Дәуір" баспасы, 1992.
- Радугин Н. "Селолық өмір" 28 тамыз 1992 жыл.
- Қалиев Ғ. А. , Сатыбалдин А. А. "Ауылшарушылығының дамуы"
- Сүндетов Ж. К. "Аграрлық қайта құрулардың қиындықтары. Ауыл шаруашылық экономика" 1992, №3 12-17 беттер
- Калашников А. В. Особенности перехода к рыночным отношениям при организации материально-технического снабжения АПК. Техника в сельском хозяйстве, 1990, №4, с. 6-7
- М.Т. Оспанов, Р.Р. Аутов, Х. Ергазин "Агробизнес. Теориясы мен тәжірибесі". Алматы, 1997. "Білім". 55-65 беттер
- Проблемы повышения эффективности агропромышленного производства Казахстана в условиях перехода к рынку (Сборник научных трудов). Под редакцией Балапанова Ж.Б. Алматы, 1992, с.93
- Тұрсынов С. Т. "Қазақстан: аграрлық рынокта" "Қайнар" редакциясы, 1994 жыл
- Балабанов И. Т."Шаруа қожалықтары. Қалыптасуы, қаржыландыру" Алматы "Қазақстан" 1996жыл
- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Ә.Н.-тың қатысуымен өткен тікелей эфир. Бірлік бар жерде, тірлік бар. Астана -2005 "Елорда" 24 тамыз. 9бет