KZNews.kz
Қоғам

Аутизмі бар балаларды өлтіру керек: Желіде блогер осындай пікір білдірген

Азамат Қойшығара
lasalute-clinic.ru

Алматыда блогер Райхан Жұмамұратованың әлеуметтік желідегі жазбасына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ішкі істер министрлігіне Autism Kazakhstan ұлттық қауымдастығы ресми өтініш түсірген. Қауымдастыққа ерекше балалардың ата-аналары блогердің жазбасына байланысты жаппай шағым жолдаған.

Өтінішке сәйкес, блогер 2025 жылғы 23 тамызда Алматыда болған қайғылы жағдайға қатысты жарияланған пост астына пікір қалдырған. Сол кезде 13 жастағы жасөспірімнің (дамуында ерекшелігі бар деген болжам жасалған) әрекеті салдарынан екі жасар бала зардап шеккен болатын. Осы оқиғаға байланысты @_a_k_o_n_i аккаунтының иесі аутизмі бар балаларды өлтіруге шақырған пікір жазған.

Полиция блогердің тұлғасын анықтап, қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

«Заң аясында шаралар қабылданады. Әлеуметтік араздықты қоздыруға, қорлауға, қатыгездік пен зорлық-зомбылық культін насихаттауға бағытталған әрекеттер үшін қылмыстық та, әкімшілік те жауапкершілік қарастырылған», – деп мәлімдеді қалалық Полиция департаменті.

Азамат Қойшығара
Автордың басқа материалдары