Демалыс күндері Аустралияның Элис-Спрингс қаласының шетінде кішкентай бала жоғалып кетті. Кейін оның денесі табылып, тұрғындар күдіктіні соққыға жықты, деп хабарлайды kznews.kz Reuters сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Солтүстік аумақ полициясының комиссары Мартин Доул 47 жастағы Джефферсон Льюис жергілікті лагерьлердің біріне жалғыз келгенін айтты. Полиция оны қызды ұрлау мен өлтіруге қатысы бар деп айыптады.
Жергілікті тұрғындар күдіктіні есінен танғанша сабады. Содан кейін Льюис ауруханаға жеткізіліп, онда шамамен 400 адам жиналды. Полициямен және төтенше жағдайлар қызметімен қақтығыстар болды. Наразылық білдірушілер зат лақтырып, жабдықтарды өртеп, полиция көліктеріне, жедел жәрдем көліктеріне және өрт сөндіру көліктеріне зақым келтірді.
Бірнеше офицер жарақат алды. Полиция жиналғандарға көзден жас ағызатын газ шашты.
Премьер-министр Энтони Албанез, полиция және қыздың отбасы тыныштыққа шақырды. Билік қалаға қосымша полиция қызметкерлерін жіберіп, алкоголь сатуды уақытша шектеді.