Саясат

Ауғанстандағы жер сілкінісінен кейін тәліптер әйелдерді үйінді астынан шығарудан бас тартты

Ауғанстандағы жер сілкінісінен кейін тәліптер әйелдерді үйінді астынан шығарудан бас тартты

Ауғанстанның шығысында магнитудасы 6,0 баллдық жер сілкінісі болып, салдарынан шамамен 1500 адам қаза тапты. Жерасты дүмпуінен үйінді астында қалып қойған әйелдер тәліптер орнатқан шектеулерге байланысты медициналық көмек көрсетілген жоқ. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

The New York Times басылымының хабарлауынша, жараланған әйелдер үйінді астынан шығу үшін тек басқа әйелдерден немесе туыс ер адамдардан ғана көмек күтен. "Талибан" енгізген жаңа ережелерге сәйкес, ер адамдар мен бөтен әйелдердің арасындағы физикалық байланысқа қатаң тыйым салынған.

“Көптеген жарақат алған әйелдер көрші ауылдардан біреу келіп көмектескенше күтіп жатты. Соның салдарынан көптеген зардап шеккендерге дер кезінде медициналық көмек көрсетілмеген”, – деп жазды басылым.

Ал ер туыстары жоқ әйелдерді құтқарушылар киімінен тартып шығарып, көмектескен. Олар себебі олар қолымен ұстап, жанасудан бас тартқан.

Сарапшылардың айтуынша, табиғи апат кезінде көбіне зардап шеккендер – әйелдер мен қыздар. Шектеулерге байланысты оларға медициналық көмек көрсетілген жоқ.

Тәліптер әйелдерге ер дәрігерлерге қаралуға тыйым салды. 2021 жылы билікке қайта оралған сәттен бастап, олар әйелдерге қатысты шектеулерді одан әрі күшейтті.

2024 жылдың желтоқсанында олар әйелдерге медицина мамандығы бойынша оқуға және оқу орнын аяқтағанда болатын емтихандарды тапсыруға тыйым салды.

“Ел көлемінде ғана емес, сол аймақтың өзінде әйел дәрігерлердің өте аз болуына байланысты, көптеген әйелдерге дер кезінде медициналық көмек көрсете алмай отырмыз. Зілзала кезінде әр минут пен секунд маңызды. Эвакуацияның кешігуі әйелдер арасындағы құрбандар санының артуына алып келуі мүмкін”, — деді Ауғанстандық дәрігер Абдул Қаюм Рахим.

Оныың сөзінше, ауыл тұрғындары ауруханаларда әйел дәрігердің тапшы екенін біледі және жараланған әйелдер мен қыздарды ауруханаға апаруға батпайды. Көптеген отбасылар оларды ауруханаға жеткізудің орнына, үйде өз беттерінше емдеуге тырысады.

Жер сілкінісі салдарынан шамамен үш мың адам зардап шекті. Хабарламаларға қарағанда, олардың басым бөлігі әйелдер мен балалар.
Алайда Кунар провинциясындағы аурухананың бас дәрігері қазіргі уақытта ем қабылдап жатқан науқастардың ішінде бар болғаны 13-і әйелдер екенін, ал ер адамдардың саны — 67 екенін айтқан.

Жергілікті тұрғын тіпті жер сілкінісінен кейін жұбайы тиісті медициналық көмек ала алмағандықтан, түсік тастағанын айттты.

“Жер сілкінісі кезінде, әйелім босанып жатқан. Босану өте ауыр өтті. Қазір ол мемлекеттік ауруханада жатыр, бірақ сауығып кеткен жоқ. Жағдайы бұрынғыдай. Мұның бәрі әйел дәрігерлер мен дәрі-дәрмектің жетіспеуінен”, – дейді ол.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz