НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik. Ауғанстан астанасы мен Пәкістанның Кветта қаласында екі жарылыс болды, деп хабарлайды РИА Новости.
© REUTERS / OMAR SOBHANI
Ауғанстанның қауіпсіздік күштері жарылыс болған Кабул мешітінің маңында тұр, Ауғанстан, 24 мамыр 2019 жыл
Соңғы мәліметтерге сәйкес, оқиға салдарынан 25 адам көз жұмды.
Тағы оқыңыз: Теракт кезінде ең бай адамның үш бірдей баласы көз жұмды
Әзірге Пәкістандағы бірде-бір террористік топ теракт үшін жауапкершілікті мойнына алған жоқ.
Екінші жарылыс Кабул мешітінде болды. Салдарынан белгілі діни көшбасшы Мавлави Самиулла Райхан (Mawlawi Samiullah Raihan) қайтыс болды. 16 адам зардап шекті.