Олжас Бектенов министрлерге: Бос әңгімені доғаратын уақыт келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әуежайда ер адамның ағзасынан есірткі толы 88 капсула табылды (ФОТО)

Әуежайда ер адамның ағзасынан есірткі толы 88 капсула табылды (ФОТО)
Фото: "Польское радио на русском"

Гданьск әуежайында поляк азаматының қатысуымен болған оқиға тіркелді, деп хабарлайды kznews.kz "Польское радио на русском" басылымна сілтеме жасап.

Польша кеден қызметінің қызметкерлері әуежайда ірі көлемдегі кокаинді заңсыз тасымалдау әрекетінің алдын алды.

Қарапайым тексеріс барысында Лондоннан келген жолаушы күдік тудырған. Оны есірткі іздеуге үйретілген Лола атты қызметтік ит тексерді.

Тексеру нәтижесі таңғаларлық болды: ер адамның ағзасынан кокаин салынған 88 капсула табылды. Контрабанданың жалпы құны шамамен 300 мың злотыйға (Польша ұлттық валютасы) бағаланып отыр.

Мамандардың айтуынша, мұндай тәсілмен есірткі тасымалдау аса қауіпті саналады, өйткені оны дене ішінде алып жүру адам өміріне үлкен қатер төндіреді.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер