Мөлдір Әуелбекова өзіне жүлде бермей қойған "Жыл таңдауы" байқауының ұйымдастырушыларына қатысты пікір білдірді. Жақында ғана "Құрмет" орденімен марапатталған әнші оларға әлі өзін мойындататынын айтты деп жазады 31 арнадағы "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ол кісі көргісі келмеген болар менің еңбегімді. Бастысы халық көріп жатыр. Бұл орден халықтың арқасы. Ал премия деген бір-екі күндік дүние. Қанша премия ашылып, жабылып жатыр. Алайда, мынадай орден тарихта қала береді. Ол мемлекеттік деңгейдегі мәртебе. Қатты қуанғанымнан сондай кісілерді де шақырдым. Мүмкін мен ол кісілердің алдында өзімді дәлелдеуім керек шығар. Ол күнге де жетерміз. Олар да мені мойындайтын болады" , - деп қайырды әнші.
Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір Әуелбекованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар