KZNEWS.KZ
Әлем

Әуеден шолу жасауға шыққан ұшақ апатынан 13 турист көз жұмды

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Бортта Италия, Германия және Испания азаматтары болған. Экипаж мүшелері Перу азаматтары.

Перуде туристер мінген жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.

Бортта Италия, Германия және Испания азаматтары болған. Экипаж мүшелері Перу азаматтары. Ұшақ әлемге әйгілі Наска геоглифтерін әуеден тамашалауға арналған экскурсиялық шолу жасауға бағыт алған.

Апатқа дейін ұшқыш дабыл белгісін жіберген. Алайда бірнеше минут өткен соң ұшақпен байланыс үзілген. Қазір апатқа не себеп болғаны тергеліп жатыр.  

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →