"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ауа райы: Еліміздің кейбір өңірлерінде жауын-шашын болады

Ауа райы: Еліміздің кейбір өңірлерінде жауын-шашын болады

Бүгін, 1 наурызда Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде жауын-шашын болып, республиканың солтүстігінде қар жауады деп күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі ықтимал деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23, күндіз екпіні 29 м/с жетеді. Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, Жарма ауданында жел 25 м/с күшейеді.

Ақмола, Жамбыл, Түркістан облыстарында жаяу бұрқасын болып, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей бөліктерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Автор
Мадияр