Ауа райы болжамы: 12-14 қаңтарда күн жылынады
11.01.2019
20:42
0
2

Синоптиктердің айтуынша, алдағы үш күнде ауа температурасы жоғарылайды
"Қазгидромет" синоптиктері 2019 жылдың 12-14 қаңтарына ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері Қазақстанға Қара теңіз аумағынан келетін атмосфералық фронттардың салдарынан сібірлік антициклон әлсіреп, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды.
Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде күн жылынып қана қоймай, қар жауып, кей жерде бұрқасын болады, қатты жел ұйытқиды. Ал Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарындағы ауа райына оңтүстік циклон әсер етіп, кей жерде қар жауып, бұрқасындатады әрі батыстан қатты жел соғады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста тұман және көктайғақ болады.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/ Ірі қалаларда ауа райы қандай болады
Gismeteo мәліметіне сүйенсек, 12 қаңтарда Астанада күндіз ауа температурасы минус 17 градус болса, кешке минус 14 градусқа дейін төмендейді. Алматыда күндіз 0 градус, ал кешке 2 градус нөлден төмен болады. Шымкентте күндіз де, кешке де ауа температурасы – 1 градус нөлден жоғары. 13 қаңтарда еліміздің бас қаласы Астанада күндіз 9 градус аяз, ал кешке —10 градус болады. Алматыда – күндіз —3 градус, кешке —4 градус. Шымкентте күндіз 8 градус жылы болса, кешке +1 градусқа дейін суытады. 14 қаңтарда Астанада күндіз —6 градус, кешке —7 градус. Алматыда сынап бағанасы күндіз 2 градус нөлден жоғары болса, кешке —1 градусқа дейін салқындайды. Шымкентте – күндіз +13 градус, кешке +8 градус.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ