"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атыраулық екі азамат жанжалдасып, бірі сол жақ құлағынан айырылды

Атыраулық екі азамат жанжалдасып, бірі сол жақ құлағынан айырылды
Сурет нейрожелі көмегімен жасалды

Оқиға Қызылқоға ауданына қарасты Миялы ауылында болған. Қаңтар айының 2 күні 24 және 25 жастағы екі азамат арасында жанжал шыққан. Қақтығыс ауыр жарақат алуымен аяқталды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Полицияның мәліметінше, кейін жанжалға 49 жастағы ер адам араласқан. Ол ұлын қорғауға тырысып жүріп, абайсызда ас үй пышағымен жәбірленушінің сол жақ құлақ тұсынан дене жарақатын салған. Осы дерек бойынша «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Денсаулық сақтау басқармасы 2 қаңтар күні кешке Қызылқоға аудандық ауруханасына 2002 жылы туған ер адам жеткізілгенін нақтылаған. Оның сол жақ құлақ қалқаны мен құлақ маңы аймағының терісі сыдырылған жарақат алғаны айтылды. Зардап шегушіні медициналық мекемеге достары алып келген.

Дәрігерлер шұғыл көмек көрсетіп, қан кетуді тоқтатқан. Науқасқа дәрі-дәрмек және инфузиялық ем тағайындалып, хирургтар жараға алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізген. «Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, кейін ол мамандандырылған көмек алу үшін облыстық ауруханаға жіберілген.

Қазір науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлер бақылауында емін жалғастырып жатыр. Баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, дабыл жарғағы зақымданбаған әрі есту қабілеті сақталған. Алайда жас жігіт құлақ қалқанынан айырылған.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер