Маңғыстау облысында жылына 5 мың тонна балық өсіретін жоба іске асырылуда
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауға шұғыл қонған «Аэрофлот» ұшағының жолаушысы қайтыс болды

Атырауға шұғыл қонған «Аэрофлот» ұшағының жолаушысы қайтыс болды
фото: ашық дереккөз

Бұл дерек Атырау станциясындағы көліктегі полиция бөлімінде тіркелген.

Атырау халықаралық әуежайына мәжбүрлі түрде қонған «Аэрофлот» ұшағының жолаушысы қайтыс болғаннан кейін көліктегі полиция тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды kznews.kz ақпарат порталы.

Flightradar мәліметінше, «Аэрофлот» ұшағы Анталья – Екатеринбург бағыты бойынша ұшып, 25 тамыз күні кешке Атырау әуежайына қонған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлағаннан кейін ұшақты қондыру туралы шешім қабылданған. Кейін оның қайтыс болғаны белгілі болды.

Бұл дерек Атырау станциясындағы көліктегі полиция бөлімінде тіркелген.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

– 25 тамызда аталған факт Атырау станциясындағы Көліктегі полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған бастапқы тексеру шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Өлімнің алдын ала себебі – жедел жүрек жеткіліксіздігі, – деп жауап берді ведомство.

Полиция әзірше оқиғаның басқа да мән-жайлары жарияланбайтынын атап өтті.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.