“Әндерді жатқа біледі”: Джеки Чанның Ақтаудағы әрекеті жұртты таңдай қақтырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атыраудың экономикалық әлеуетін күшейту: Президент өңір басшысына міндет жүктеді

Атыраудың экономикалық әлеуетін күшейту: Президент өңір басшысына міндет жүктеді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді талқылады, деп хабарлайды kznews.kz.

Кездесу барысында Президентке облыста жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалар, мұнай-газ химиясы саласының дамуы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жөнінде есеп берілді.

Сондай-ақ экономиканы әртараптандыру, инженерлік желілерді жаңғырту, көлік инфрақұрылымын жетілдіру, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту және республикалық деңгейде қолдауды қажет ететін жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы Атырау облысының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, өңірдің инвестициялық әлеуетін күшейту және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.