KZNEWS.KZ
Қоғам

Атыраудағы қайғылы оқиға: ауыл тұрғындары марқұм болған отбасының бейітін тұрғызды

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысының Жангелдин ауылында қайғылы жағдайда қаза тапқан отбасының бейітіне құлпытас қойылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға кезінде көз жұмған Мақсот Мұқанғалиев, жұбайы Нәсіп Өтешқалиева және олардың балалары Наурыз бен Мейрамгүлдің қабірі ауыл тұрғындары мен туыстарының қатысуымен тұрғызылды.

Жергілікті халық марқұмдарды еске алып, Құран бағыштап, рухына тағзым етті. Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл қайғылы жағдай елге ауыр соққы болған.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →