Көмірге көңіл ауды: кен өндіру 128,9 млн тоннаға жетпек
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атыраудағы Азаттық көшесінде әйел адамнан 159 құты психотроптық дәрі тәркіленді

Атыраудағы Азаттық көшесінде әйел адамнан 159 құты психотроптық дәрі тәркіленді
Фото: Polisia.kz

Атыраудағы Азаттық көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің ауласында психотроптық заттарды заңсыз сақтады деген күдікпен 1998 жылы туған әйел адам қолға түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен екінші учаскелік пункт инспекторларының бірлескен жедел шарасы кезінде күдікті көпқабатты үйдің ауласында қолға түскен. Тәртіп сақшылары тінту барысында одан жүйке жүйесіне кері әсер ететін Тропикамид препаратының 159 құтысын тәркілеп, бірден Қылмыстық кодекстің 301-бабы 1-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті.

Тәртіп сақшылары мұндай заңсыз өнімдердің қоғамға елеулі қауіп төндіретінін және соңы қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін ескертті.

Жастар мәслихатының депутаты, кәсіпкер Құрмаш Арыстан-Бабтың сөзінше, бұл жағдай Азаттық көшесіндегі 46-үйдің жанында болған.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары