KZNews.kz
Жаңалықтар

Атырауда жоғалған отбасы: іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр

Қайсар Қанат
politico.kz коллажы

Атырау облысында белгісіз жағдайда жоғалып кеткен отбасыға қатысты іздестіру шаралары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл жөнінде журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Оның жазбасында құзырлы органдардың ресми түсіндірмелері келтірілген.

Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Нұрболат Сұлтановтың айтуынша, аталған қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің өндірісінде және прокуратураның қатаң бақылауында тұр.

"Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік желілерде түрлі болжамдар мен расталмаған мәліметтер тарап кетуде. Сондықтан тек ресми ақпаратқа сүйену қажет", – деді ол.

Прокуратура өкілі іздестіру жұмыстарының тоқтатылмағанын нақтылады. Оның сөзінше, Жангелдин ауылы мен Қызылқоға ауданы аумағындағы жұмыстар ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытша шектелгенімен, толықтай тоқтатылмаған.

"Қардың қалың жаууы мен мұздың қатуына байланысты Қызылқоға ауданында Төтенше жағдайлар департаменті іздестіруді уақытша доғарды. Алайда күдіктіні және хабар-ошарсыз кеткен балаларды іздеу жалғасып жатыр әрі алдағы уақытта қайта күшейтіледі", – деді Нұрболат Сұлтанов.

Құзырлы органдар аталған істің толық бақылауда екенін және тергеу мен іздестіру жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →