KZNews.kz
Жаңалықтар

Атырауда жоғалған отбасы ісі: Журналист басты күдіктіге қатысты өз болжамын айтты

Қайсар Қанат
politico.kz коллажы

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасы ісі жөнінде қоғамға ақпарат таратқан журналист Жанат Молдашова бұл тақырыпта сұхбат берді. Бұл туралы Arasha.kz хабарлайды.

Ол Алаш Орда YouTube арнасының тілшісі Серік Жолдасбайға берген сұхбатында аталған іске қатысты пікірін ашық жеткізді.

Сұхбат барысында басты күдікті ретінде аталып жүрген Сұлтан Сәрсемалиевке байланысты "Құқық қорғау органдары Сұлтанды елге қайтаруы қаншалықты мүмкін?" деген сұрақ қойылды. Бұған жауап берген Жанат Молдашова өз болжамын ортаға салды.

"Менің болжамым бойынша, мүмкін ұсталған да болар. Ол күдікті ұсталып, елге қайтару процестері жүріп жатқан сияқты көрінеді. Бұл менің ғана болжамым, білмеймін", – деп жауап берді.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →