Алғашқы жартыжылдықта экономика 4,1%-ға өсті: Тоқаев Үкіметке жаңа міндеттер жүктеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда хирург МӘМС аясында тегін жасалатын операциялар үшін пациенттерден ақша алған

Атырауда хирург МӘМС аясында тегін жасалатын операциялар үшін пациенттерден ақша алған
Фото:Depositphotos.com

Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті алаяқтық және заңсыз материалдық сыйақы алды деген күдікке ілінген хирург-дәрігерге қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды kznews.kz.

Тергеу мәліметінше, 2023–2025 жылдары күдікті «Family Health Clinic» ЖШС мен «Ким В.» ЖК клиникасында жұмыс істей жүріп, пациенттерден варикозды веналарға жасалатын операциялардың ОСМС аясында тегін жүргізілетінін жасырған. Соның салдарынан ол көрсетілген медициналық қызметтер үшін төлемді өзінің банктік шоттарына қабылдап отырған.

Сонымен қатар, «DamuMed» жүйесіне пациенттерге тегін медициналық көмек көрсетілгені туралы мәліметтер енгізілген. Осы деректер негізінде медициналық ұйымдарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржы аударылған.

Осылайша, бір медициналық қызмет үшін төлем екі рет – ОСМС қаражаты есебінен және пациенттердің өз қалтасынан жүргізілген.

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті 42 пациенттен жалпы сомасы 8 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген. Ал аталған қызметтер үшін медициналық ұйымдарға ӘМСҚ тарапынан 14,8 миллион теңгеден астам қаржы төленген.

Бұдан бөлек, дәрігердің өзінің қызметтік міндеттерін атқарғаны үшін пациенттерден заңсыз ақшалай сыйақы алғаны да анықталған.

Күдіктіге қатысты елден кетпеу туралы қолхат және тиісті мінез-құлық сақтау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.