KZNews.kz
Жаңалықтар

Атырау облысындағы қайғылы оқиғаға қатысты күдікті мен марқұмның балаларын іздестіру қалай жүріп жатыр

Дархан Тоқан
Алаш коллаж

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Жанат Молдашова мәлімдегенін Alash.kz жазды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Прокуратураның мәліметінше, аталған дерек бойынша қозғалған қылмыстық іс қазір Атырау облыстық полиция департаментінің өндірісінде. Ал тергеу барысы облыс прокуратурасының қатаң бақылауында тұр.

"Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сай өзге ақпарат жарияланбайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-бөлігі, 1-тармағына сәйкес заңды күшіне енген сот үкімі шыққанша адам кінәлі емес деп есептеледі. Әлеуметтік желілерде түрлі ақпарат тарап жатыр. Сол ақпараттарға сенбей, тек ресми ақпаратқа сүйенсе екен деп айтып жатырмын", – деді Нұрболат Сұлтанов.

Прокуратура өкілі күдіктіні және хабар-ошарсыз кеткен марқұмдардың балаларын іздестіру жұмыстары қатар жүріп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, іздеу шаралары тоқтамайды.

"Іздестіру жұмыстары жалғасуда. Тоқтамайды да. Қызылқоға ауданында ауа райының күрт өзгеріп, қардың қалың жаууы мен мұздың қатуына байланысты Төтенше жағдайлар департаменті іздестіруді уақытша тоқтады. Жақын арада жалғасын табады. Алайда күдіктіні және хабар-ошарсыз кеткен марқұмдардың балаларын іздестіру тоқтаған жоқ. Қосымша ақпарат беріледі", – деді Нұрболат Сұлтанов.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →