Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда облыстық басқарма басшысының орынбасары ұсталды

Атырауда облыстық басқарма басшысының орынбасары ұсталды
Ашық дереккөзден

Атырау облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бисен ұсталды, деп хабарлайды құқық қорғау органдарындағы дереккөздер.

33 жастағы шенеунік іссапардан оралған сәтте облыс әкімдігі ғимаратында қолға түскен. Ол мердігер компания жетекшісінен пара алды деген күдікке ілінді.

Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, мердігер ұйымның кеңсесінде және әкімдік ғимаратында тінту жүргізілген.

Қазіргі уақытта Талғат Бисен қолхатпен босатылды. Алайда тергеу органдары оны қамауға алу жөнінде сотқа өтініш беруді жоспарлап отыр.

Қылмыстық істің тергеуі жалғасып жатыр.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.