Шоу-бизнес

Атырауда «Jas Sarbaz» атты әскери-спорттық интеллектуалды эстафета өтті

Атырауда «Jas Sarbaz» атты әскери-спорттық интеллектуалды эстафета өтті

Алғаш рет желтоқсанның 21 мен 22 аралығында Атыраудағы «Мұнайшы» стадионында әскери-патриоттық клубтар арасында (10-11 сынып оқушылары мен 1-2 курс колледж студенттері) «Jas Sarbaz» атты әскери-спорттық интеллектуалды эстафета өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

атырау
атырау

Аталған іс-шараны Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығы жанындағы Алғашқы әскери дайындық кабинетімен бірлесе отырып ұйымдастырды. Жарысқа қала мен аудандардан  іріктелген 9 команда қатысты (шамамен 150 ұл-қыздар).

Командаларға сәттілік тілей келген дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының директоры Сәдіржан Жекенов осындай әскери-патриоттық шараларды ұйымдастырудың жастар үшін маңызы зор дейді.

атырау
атырау

«Елімізде әскери саланы дамытуға, оған жастарды тартуға жеткілікті көңіл бөлініп келеді. Өскелең ұрпаққа отаншылдық тәрбие беруде, жігерлі жастарды тәрбиелеуде осы әскери-патриоттық клубтардың орны ерекше деуге болады. Сіздерге бүгінгі сайыста сәттілік тілеймін. Облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарда облысымыздың абыройын асқақтата беріңіздер», - деді  Сәдіржан Жекенов.

Әскери-спорттық интеллектуалды эстафета командалық және жекеше спорт түрлерінен өтті.

Эстафета қатысушылары келесі жарыс түрлерінен сайысқа түсті:

спорттық (секіру, жорғалау);

интеллектуалды (компьютер сұрағына жауап беру)

АК-74 автоматын бөлшектеу және жинақтау;

алғашқы медициналық көмек көрсету;

жалпыәскери қорғаныс киімі мен газ тұмшаларын кию.

атырау
атырау

«Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында Қарулы Күштеріндегі әскери қызметті насихаттау, әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын ұстану»,-деп толықтырды Атырау облысының ҚІД баспасөз қызметі.

Эстафета қорытындысы бойынша бірінші орынды иеленген Жылыой ауданынан «Намыс» клубы. Сондай-ақ, үштікке ілінген жеңімпаздар қатарына Атырау қаласы №27 мектебінің «Сарбаз» командасы мен Исатай ауданынан «Қорғаныс» командасы. Жеңімпаздарға кубок тапсырылып, әрбір ойыншы медаль және грамоталармен марапатталды.

«Қамшы» сілтейді

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz